Ш.Ш. Уәлиханoв және түркі халықтарының эпoсы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph14
        57 107

Аннотация

Мақала түркі эпостану мәселелеріне арналған. Мақалада Ш.Ш. Уәлихановтың эпостанушы ретіндегі басты рөлі ашылған. Оның қазақтар, қырғыздар және Оңтүстік Сібірдегі тайпалардың ауызша дәстүрін зерттеулерінен қазіргі әлемдік эпостанудың да өзекті мәселелеріне жауап табуға болады. Мақаланың негізгі мақсаты – ғалым еңбектерінің әдіснамалық маңызын ашу. Оның көзқарастарының құндылығы оның ауызша теорияның көптеген жолдарын алдын ала болжауында, өйткені ол сөзді «дәстүрдің өз ішінен» қарастырған және түркі тілдерін иеленуші ретінде де, өз заманының ғылыми әдістерімен меңгерген шығыстанушы ретінде де зерттеген. Ол көпғасырлық дала білімінің бірегей байлығын – Солтүстік Кавказ, Орталық Азия, Оңтүстік Сібір түріктерінің эпосын нақты ұғынған. Түркі дәстүрі алғаш рет оның еңбектерінде зерттеу пәні мен нысаны ретінде танылып, алуан жанрлары мен түрлері толық көрсетіліп, оған қоса, М. Парри мен А. Лордтың ауызша теориясының негізгі тармақтарына жауап берді: жаратушы мен орындаушының табиғаты, ауызша аңыздың таралуы, авторлық, ұлт мәселесі және т. б. Қазіргі заманғы фольклористиканың жетекші мектебі – М. Парри мен А.Б. Лордтың ауызша теориясы мен Ш. Уәлихановтың озық ойлары түркі халықтарының эпосын зерделеудің, оның архаикалық миф, салт пен дәстүр сияқты бастапқы негіздеріне қайта оралудың жаңа жолын анықтайды. Ғалымның ауызша дәстүрді дәстүрдің өз «ішінен» қарастыруы мен түркі халықтарының эпосын түсіндірудегі тарихи-этнографиялық көзқарасының өзектілігі жоғары.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhanabayev, K. ., Shaymerdenova, N. Z., & Tleubayeva, N. D. (2021). Ш.Ш. Уәлиханoв және түркі халықтарының эпoсы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 182(2), 130–143. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph14

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение