Шалкиіз – ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph8
        187 233

Аннотация

Мақалада әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырған, сахара эпосын жасаушылардың бірі болған Шалкиіз жыраудың қысқаша өмірбаяны мен өзінің ұзақ өмірінде Дешті-Қыпшақ жерін түгел шарлап, сол заманның бірінші ақыны танылып, үлкен даңққа бөленіп, бүкіл өмірін күрес үстінде өткізіп, өз тұсындағы әміршілердің шашбауын көтермей, турашыл ақын болғаны баяндалады. Жырау туындылары  өзіндік әсерлігімен, өткірлігімен, аз сөзге мағына сыйғызатын нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен қуаттылығымен ерекшеленетіні сөз болады. Сол сияқты  жыраудың қазақ, ноғай, құмықтар арасына таралған толғау мәтіндерінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихы баяндалады. Шалкиіздің өзінен соңғы дәуірде жасаған ақын-жырауларға ықпалы болғаны айтылады. Шалгез жырау халық ауыз әдебиетінің көптеген жанрлық үлгілерін пайдалана, ұстартқан болса, оның мұрасынан, оның көркемдік әдістерінен кейінгі  дәуір ақындарының талайы үлгі алғандығы, жырау қолданған сөз тіркестері мен жыр жолдарының, көркемдік әдістер мен  кейбір ойлардың кейінгі ақындарда сол күйінде, не өзгерген жағдайда кездесуі олардың арасындағы дәстүрлі байланысты танытатыны көрсетіледі. Мұндай алмасулар көне дәуірден күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл – ақын, жыраулардың шығармашылығын да байыта, құнарландыра түсетін процесс екені дәлелденеді.  Мұндай қайталау үлгілер Бұқар, Махамбет, Абыл, Шернияз сияқты кейінгі ақындардың шығармаларында кездеседі.

Кілт сөздер: жырау, толғау, мәтін, қолжазба,  түпнұсқа, дәcтүр

Жүктелулер

Как цитировать

., K. B. A., & ., S. U. (2021). Шалкиіз – ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 183(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph8

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение