Беларусь пен Қазақстанның әдеби байланыстары: тарихы, қазіргі жағдайы, ұқсастықтары мен ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph12Аннотация
ХХІ ғасырдағы Беларусь ұлттық әдебиет пен мәдениетке мұқиятпен және құрметпен қарайды. Минск халықаралық кітап көрмесі күндері кезінде жетінші жыл өткізіліп отырған «Жазушы және уақыт» халықаралық әдеби симпозиумы – әдебиет пен жалпы өркениеттің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға арналған алаң болып табылады және қоғам мен мемлекеттің дамуының рухани-адамгершілік негіздерін сақтауға бағытталады. Беларусь пен Қазақстанның әдебиеттерінде этномәдени сәйкестілік айқындалып, әлемдік әдебиетке шығудың жолы анықталады. Өзін-өзі тану, өзін-өзі растау – бұл деген әлемді ашу.
Мақаланың әдіснамасы көркем мәтінді, оның ішінде аударманы филологиялық тұрғыдан талдауға негізделген. Осы зерттеудің нәтижелері Беларусь пен Қазақстанның көркем сөз шеберлерінің диалогын кеңейтуге және тереңдетуге, әдеби ынтымақтастықты жандандыруға, екі елдің көркемдік жағынан аса маңызды болып табылатын туындыларын анықтауға және насихаттауға бағытталған. Бұған, әрине, «Звязда» баспа үйінің негізінде құрылған ТМД елдерінің ұлттық әдебиеттері туралы жаңа материалдар салынып тұратын «Үндестік: Достастық елдерінің әдебиеті мен публицистикасы» деп аталатын интернет-порталы ықпал етеді (sozvuchie.zviazda.by). «Звязда» баспа үйінің «Жүректер үндестігі» сериясы бойынша Беларусь пен Қазақстан жазушыларының «Шекараға бөлмей» деген шығармалар жинағы жарық көрді, бұл жарияланған көркем мәтіндерде жады концептісі мен қазіргі дәуір бейнеленген.
Түйін сөздер: посткеңестік аумақ, көркем аударма, сын, альманах, әдеби ынтымақтастық