Қазақ бейнесін орыс және үнді тілдік санасында салыстырмалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph7Аннотация
Ұлт топ аралық қатынастардың маңызды құралы болып табылады, ал стереотиптер тұлғалық ерекшеліктерді түсініп, әр түрлі этностар өкілдерінің бір-бірін қабылдауына ықпал етеді. Басқа этнос өкілдерінің қазақтарды қабылдау мәселесі сөзсіз қызығушылық тудырады. Мақалада орыс және үнді этносы өкілдерінің тілдік санасында қазақ бейнесін концептуализациялау жолдарын сипаттау мақсатында қолға алынған психолингвистикалық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Орыс және хинди тілдеріндегі «қазақ» ассоциативті өрісін модельдеу мәдени стереотиптер мен мәдениеттерді түсініп, жақсы мәдениаралық қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді. Зерттеу материалы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері және қызметкерлерімен жүргізілген ассоциативті эксперименттің мәліметтеріне негізделген. Эксперименттің респонденттері 17 мен 60 жас аралығындағы 41 адамды құрайды және олардың 20-сы орыс тілінде, 21-і хинди тілінде сөйлейтіндер болды. Ассоциативті эксперимент семантикалық аймақтарды айқындап, оларды бөле отырып, «семантикалық гештальт» құру әдісіне негізделген сауалнама бойынша өткізілді. «Қазақ» сөз-стимулының ассоциативті өрісіне талдау жасалып, нәтижесінде стереотиптік реакциялардың индикаторы анықталды. Зерттеу нәтижелері орыс және үнді халықтары өкілдерінің қазақтарды, көбінесе, оң түсініп қабылдайтындығын көрсетеді. Теріс сипаттамалар орыс тілдік санасында көрініс тапқан және оларға қулық, қыңырлық пен құпиялылық кіреді. Орыстар да, үнділер де қазақтың түркі халықтарына қатысын мәлімдейді, қазақтарды, біріншіден Қазақстанмен байланыстырады және олардың үлкендерге деген құрметі мен патриоттығын атап өтеді. Түйін сөздер: тілдік сана, бейне, қазақ, ұлт, стереотип, орыстар, үнділер, ассоциативті эксперимент