Түркітану метатілінің құрастырылуы мен түсініктемесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph7Аннотация
Түркілердің әлем кеңістігіндегі тарихи-этникалық, мәдени, саяси, лингвистикалық, географиялық т.б. ерекшеліктері мен жетістіктері туралы жүйелі, сауатты танымының қалыптасуы және қазіргі түркі халықтары тілдерін зерттеумен байланысты құрастырылған ғылыми-концептуалдық, терминологиялық аппаратты қамтитын энциклопедиялық сөздік түркілік бірлікті, түркілік бірегейлікті жаһандануда сақтап қалу жолындағы басты шаралардың бірі. Энциклопедиялық лұғаттың басты артықшылықтарының бірі – түркітану ғылыми терминологиясы мен ғылымиконцептуалдық аппаратын оның дербес метатілі ретінде зерттеу. Мұндай зерттеулер түркі тілдеріндегі сөздердің лексикологиялық корпусын анықтауға, түркітану ғылымының жүйелі әдіснамасын қалыптастыруға, әлеуметтік пікірлерді, ғылыми метатілді қолдануды, конференция материалдарымен жұмыс істеуді, диспуттар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Өйткені сөздіктен әлемнің тілдік бейнесін жасайтын ұлттық менталитеттің өзіндік ерекшеліктерін айқындауға болады. Зерттеу бір ғана лингвистика ғылымының аясында емес, сондай-ақ антропология, әлеуметтану, мәдениеттану, когнитология, география ғылымдарының да тоғысында жүзеге асырылады. Зерттеу лингвистика, география ғылымдары әдіснамаларына сәйкес диахронды және синхронды, салыстырмалы-тарихи және диахрондық-этимологиялық, сипаттамалы және контрастивтік, статистикалық, лингвистика-математикалық және квантативтік, әлеуметтік сауалнама, концептуалдық талдау, ассоциативтік және эксперименттік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жүзеге асырылады. Мақаланың басты ұстанымы – түркітанудың ғылыми терминологиясы мен ғылыми-концептуалдық аппаратын оның дербес метатілі ретінде зерттеу. Түйін сөздер: түркітану, сөздік, мета тіл, энциклопедиялық лұғат, термин, терминология, этнос, рухани-мәдени құндылық.