XI-XII ғасырлардағы жазба ескерткіштері тіліндегі сөздердің танымдық маңызы

Авторлар

  • G.Zh. Bayalieva Қорқы т ата аты ндағы  Қы зылорда университеті , Қазақстан, Қызылорда қ http://orcid.org/0000-0002-2218-1629

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.03
        63 58

Аннотация

Тіл мәселесінде тілдің тарихына қатысты зерттеулердің барлығы дерлік орта ғасыр ескерткіштеріне соқпай кете алмайды. Көнеден қалған бұл жәдігерлер тілімізді тарихимәдени-танымдық тұрғыдан тұтастықта қарауға, түркі тілдерінің ортақтығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Тіпті, сөздердің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымындағы көптеген құбылыстарды жазба әдеби ескерткіштерінің тілдік деректерінен анықтауға болады. XI-XI ғасыр жәдігерліктері түркі халықтарының (қазақ) рухани кеңістігінде өшпес із қалдырған тарихи оқиғаларды, халқының тіршілігін, мәдениетін, дүниетанымын бейнелеуімен, түркі тілдерінің орасан бай мүмкіншілігін айқындап, тілдің тарихи даму барысын көрсете білуімен ерекшеленетіндігі айтылады. XI-XII ғасыр жазбаларының ақынның ішкі әлемінен хабар беретін шығармашылық жемісі ғана емес, ол тұтастай бір тарихи кезеңді, оқиғаны, сол кезеңде өмір сүрген, қазіргі түркі халықтарының этностық құрамына діңгек болған халықтың мәдениеті мен өмір сүру болмысы туралы баға жетпес байлық, ақпарат көзі екендігі дәлелденеді. Қазіргі ғылымдағы маңызды және өзекті бағыттардың бірі – когнитивті лингвистика. Автор Ахмет Иүгінекидің орта ғасырлардағы «Ақиқат сыйы»(«Правительство права») жазба ескерткішін негізге ала отырып, ұғымдардың табиғаты мен шығу тегін анықтайды. Мақалада А.Иугнеки шығармасының тілі көркемдігімен ерекшеленетіні, сонымен бірге ол сол дәуірдің тарихи жағдайын, халықтың өмірін шынайы бейнелейтіні, ұлттық санаға, түркітілдес халықтардың ұлттық мәніне әсер еткен оқиғаларды сипаттайтыны айтылған. Осы тарихи мәтіннің тұжырымдамалық негізі мен тілдік ерекшеліктерін зерттеу және талдау қазіргі түркі халықтарын

Жүктелулер

Как цитировать

Bayalieva, G. (2022). XI-XII ғасырлардағы жазба ескерткіштері тіліндегі сөздердің танымдық маңызы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.03

Шығарылым

Бөлім

Языкознание