Қазақ қару-жарақ атауларына компоненттік талдау (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.09Аннотация
Белгілі бір тарихи кезеңдерде толассыз соғыстар мен шапқыншылықтарды басынан өткерген, қуатты тәуелсіз мемлекет құруды армандаған қазақ халқы үшін қару-жарақтың түр-түрімен толыққанды қамтылған әскери күштің болуы жеңістің жартысы саналды.Аталмыш мақалада сыншы, тарихшы, көрнекті жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы қару-жарақ атауларын зерттеп, оған компоненттік талдау жасалынған. И.Есенберлин алғашқылардың бірі болып қазақ хандығының қалыптасу дәуірін кезең-кезеңмен әрі, ХV-ХІХ ғасыр аралығындағы қазақ халқының елі мен жері үшін болған күресін нақты тарихи мәліметтерге сүйене отырып, өзінің ұшқыр ойы мен мол тіл байлығы арқылы үш роман жазып шықты. Үш романды трилогияға біріктіріп, «Көшпенділер» деген атау берді. Мақаланың басты мақсаты көркем мәтінді семантикалық талдау арқылы оқырманға терминдер мен атаулар арасындағы байланыс желісін құруға әрі басқа семантикалық теориялар үшін күрделі болған атаулардың қол жетімді емес мағынасын орнатуға мүміндік береді. Компоненттік талдау арқылы сөздердің семантикалық негізін жан-жақты түсінуге негіз бола алады. Бұл зерттеу арқылы сөздердің лексикалық ыдырауына негізделген мағыналық талдауды ұсынып, олардың мағыналық өзара әрекеті жүйелі түрде мағына беретінін айтады. Зерттеу тұжырымдамасының нәтижесі ретінде қару-жарақ атауларына жасалған компоненттік талдаудың қорытындысын пайыздық үлеспен диаграмма арқылы көрсеттік.