Қытай қазіргі заман қазақ әдебиетіндегі ғылыми-фантастика және Абай шығармаларының ықпалы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.019
        51 126

Аннотация

Мақалада ҚХР қазіргі заман қазақ әдебиеті соның ішіндегі ғылыми-фантастикалық әдебиет туралы қысқаша зерттеу жасалады. «Тану немесе шеттету» теориясының фантастикалық әдебиеттермен белгілі бір табиғи байланысы бар, бұл әдебиеттің осы түрінің ең көрнекті белгісі. Алайда, ғылыми-фантастика әлемінде Қытай қазақ фантастикасы өзінің ерекше даму тарихына байланысты ұлттық фантастика әдебиетінің дамуы оқырманды алаңдатып отыр. Сондықтан таза ғылыми-фантастика болу қиын. Сонымен қатар, Қытайлық фантаст жазушылары да бұл мәселені айқын түсініп, өздерін британдық және американдық ғылыми-фантастикалық әдебиеттерде өзіндік «тану» ретінде көрсетті. Сонымен қатар мақалада батыстың ғылыми-фантастикалық әдебиетіндегі шоқтықты шығармалар, Қазақстан ғылыми-фантастикалық әдебиетінің туындауы мен дамуындағы бірнеше типтік шығармалар және Қытайдағы ғылыми-фантастикалық әдебиеттің даму барысы және солардың уәкілдік шығармаларына қысқаша тоқталып, ғылыми-фантастикалық әдебиеттің теориялық пайымдары негізінде, Қытай қазақтарындағы ғылыми-фантастикалық әдебиет қашан пайда болды, кімдер қандай тақырыптарда қандай уәкілдік шығармалар жазды, ғылыми-фантастикалық әдебиеттің қазіргі даму беталысы қалай деген мәселелер жөнінде зерттеу жасалады, соңында Қытайдағы ғылыми-фантастикалық әдебиет еліктеуден алшақтап, қиялдан көрі ғылыми көзқараста негіз ету керек, ғылыми-фантастикалық әдебиетпен айналысушылардың белгілі деңгейде ғылыми білімі болуы, шығармалар космостық тақырыптарды айналсоқтай бермей жазықтық жер бетін де негіз етуі, ұлттық тақырып пен ұлттық бояуы қою, ұлттық руханият үшін қызмет етуді ең өзекті деген авторлық көзқарастар ортаға қойылады.

Жүктелулер

Как цитировать

Saishanhuli, W., & Abdimanuly, O. (2022). Қытай қазіргі заман қазақ әдебиетіндегі ғылыми-фантастика және Абай шығармаларының ықпалы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.019

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение