Тілдік санадағы «отбасы/family» концептісі
Аннотация
Тіл ұлт мәдениетінің, ұлт дамуының көрінісі ретінде қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, линвомәдениеттану, психолинвистика, әлеуметтік линвистика сияқты ғылымдар тоғысында зерттелуде. Осыған орай соңғы кездері тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын адамның әлем туралы жинақталған мәдени, ұлттық түсініктері бейнеленген ғаламның тілдік бейнесі ретінде зерттеудің қажеттілігі мен қызығушылығы артып отыр. Мақалада тілдік санадағы «отбасы/family» концептісі екі тіл материалдарының негізінде зерттеліп, талданды. Ағылшын және қазақ тіліндегі «отбасы/family» концептісі құрамына кіретін репрезентанттар мен «отбасы» концептісінің семантикасын ашатын когнитивтік парадигмалар бойынша түсіндіріледі: 1) отбасы – бұл үй; 2) отбасы – бұл ауызбіршілік; 3) отбасы – бұл балалы үй; 4) отбасы – бұл ыстық ұя; 5) отбасы – қонайжылылық; 6) отбасы – бұл отанын; 7) отбасы – бұл әйел;8) отбасы – бұл отбасы мүшелері.
«Отбасы-family» концептінің жалпы және ерекше белгілерін анықтау мақсатында тілдік материал қазақ және ағылшын халықтарының паремиясы негізінде зерттелді. Осындай зерттеу жүргізудің нәтижесінде сол халықтардың менталитетінің этникалық ерекшелігін айқындауға, тілдік ерекшеліктері мен линвгомәдени табиғатын, әр ұлттың санасы мен ойлауының ерекшелігін көрсетугн тілдік бірліктерді салыстырмалы зерттеулер жүргізу негізінде мүмкін болды.
Тірек сөздер: концепт, «отбасы-family» концептісі, тілдік сана, лингвомәдиеттану, когнитивтік лингвистика.