Қазақ ресми іскери стилінің архитектоникасы: жазба коммуникацияның ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.01
        139 156

Аннотация

Қазақ тіл білімінде функционалдық стилистиканың проблемалары жан-жақты зерттелген. Зерттеушілердің назарында болғаны негізінен көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стиль және олардың жанрлық тармақтары. Қазақ әдеби тілінің функционалдық стилдерінің жіктелімінің қатарында сонымен қатар «ресми стил, ресми іс қағаздары стилі» де аталады. Алғашқы еңбектерде бұл терминдер арқылы күнделікті еңбек қарым-қатынастарында қолданылатын ресми құжаттардың қарапайым түрлері ғана санамаланып көрсетіледі. Қазақ әдеби тілі функционалдық стилдерінің қатарында аталғанымен, белгілі бір кезеңдерде аса күрделі ресми, заңнамалық құжаттардың басқа тілде жазылуы және бекітілуі себепті осы стилдік тармақтың түрлері қарапайым құжаттар үлгілерімен шектелді. Соңғы онжылдықтарда күнделікті еңбек қарым-қатынастарымен қатар мемлекеттік ішкі, сыртқы басқару ісінде қолданылатын ресми мазмұндағы мәтіндер және олардың жанрлық түрлері барынша ұлғайды және олар тілдік бірліктердің ұйымдасуы жағынан күрделенді. Ресми мазмұндағы мәтіндердің басқару, реттеу, директивалық, нормативтік қызмет атқаратын күрделі түрлері ресми-іскер мазмұнға ие болды. Біріншіден, олардың архитектоникасы тұрақты сипат алды. Екіншіден, ресми мазмұндағы мәтіндер қазақ әдеби тілінің қазіргі динамикасындағы, әдеби нормалардағы өзгерістерді, жазба коммуникацияның артықшылықтарын танытатын маңызды стилдік тармаққа айналды. Үшіншіден, қазақ тілін меңгерту әдіснамасында да ресми мазмұндағы мәтіндердің архитектоникасы басымдыққа ие болып отыр. Осы себепті функционалдық стилдер қатарында ресми-іскери стил қалыптасты, сондықтан оның композициялық тұтастығы мен композициялық құрылымын, жекелеген тілдік бірліктердің өзара ұйымдасу заңдылықтарын (архитектоникасын), жазба коммуникациядағы орны мен рөлін зерделеу өзекті. Мақалада қазақ ресми-іскери стилінің күрделі және маңызды жанрлық үлгілері – заңнамалық құжаттардың талдау негізінде қазақ ресми-іскери мазмұндағы мәтіндердің тілі мен стилінің ерекшеліктері, қазіргі жазба коммуникациядағы артықшылықтары анықталады.

Жүктелулер

Как цитировать

Aldash, A. (2022). Қазақ ресми іскери стилінің архитектоникасы: жазба коммуникацияның ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 187(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.01

Шығарылым

Бөлім

Языкознание