Лексикалық жаңалықтардың менталды лексикондағы ассоциативтік-вербалды желісі: эмпирикалық зерттеу нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.02Аннотация
Адамның тілге қатысты саналы әрекеті – тұтастай алғанда тілдің сақталуына әсер ететін маңызды әлеуметтік фактор. Қазіргі әлемдік лингвистика ғылымы кез келген тілдің эволюциясында орын алатын өзгерістерді терең зерделеу үшін тілдік бірліктерді қарастырудың дәстүрлі құрылымдық-типологиялық тәсілінен алшақтап, ғылымдар тоғысындағы жаңа әдіснаманы және әдістерді қолдануды ұсынады. Осылайша соңғы жылдары тілде байқалатын терең ішкі өзгерістерді сипаттау үшін пәнаралық эмпирикалық әдістерді және олардың нәтижелерін пайдалану қолға алынды. Қазақ тілінің қазіргі даму сатысында пайда болған лексикалық жаңалықтардың тіл жүйесіндегі және тіл иелерінің қолданысындағы жай-күйін бағалау өзекті. Осы мақсатында жүзеге асырылған ассоциативтік эксперимент нәтижелері лексикалық жаңалықтардың тіл жүйесіндегі, ауызша және жазба коммуникациядағы орны бірдей емес екендігін дәлелдейді. Ассоциативтік эксперимент – лингвистиканың интеграциялық бағыттарына сәйкес жеке адам мен тұтастай қауымдастық санасының мәдени-ұлттық, танымдық мазмұнынын құрайтын тілдік бірліктерге кешенді талдау жүргізуге мүмкіндік беретін эмпирикалық әдіс. Ассоциативтік зерттеу нәтижелері қазақ тілінің лексикалық жаңалықтарды жасаудағы төл әлеуетін бағалауға, әрбір сөзжасамдық тәсілдің мүмкіндігін анықтауға жол ашады. Жүзеге асырылған зерттеудің нәтижелері әрбір лексикалық жаңалықтың менталды лексикондағы ассоциативтік-вербалды желісінің сандық-сапалық мазмұнына интра- және экстралингвистикалық факторлар әрқалай ықпал ететіндігін көрсетеді. Мақалада ассоциативтік эксперименттің пәнаралық зерттеулерді жүзеге асырудағы рөлі қарастырылады және қазақыландырылған лексикалық жаңалықтардың тіл иелерінің менталды лексиконындағы шоғырлануын сипаттау мақсатында жүзеге асырылған ассоциативтік эксперименттің нәтижелері талданады.