Дәстүрлі қазақ ән мәтіндерінің лингвомәдени бейнесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.04Аннотация
Мақалада қазақ халқының рухани мәдениетінің асыл қазынасы саналатын дәстүрлі әндердің лингвомәдени бейнесі жан-жақты қарастырылады.
Қaзaқ xaлқының дәстүрлі ән мәтіндерінің мазмұнынынан ұлы дала әуені мен қатпарлы тарихы, тұрмыс-тipшiлiгiнiң caн қилылығы, қoғaмдық ой-санасы мен әлем бейнесін қабылдаудағы ділдік, этностық, лингвомәдениеттанымдық ерекшеліктері көрініс береді.
Қазақ халқының дәстүрлі ән-жырлары мазмұндық-құрылымдық жүйесіне сәйкес ежелгі наным-сенімдерге байланысты туған әндер, тұрмыстық-шаруашылық пен кәсіпке байланысты туған әндер, тұрмыс-салт әндері ретінде топтастырылады.
Дәстүрлі қазақ әндеріндегі ән әуенiнiң өлең жолынан қысқалығын көрсететін ән мәтіндеріне лингвистикалық сараптама жасалады.
Қазақ халқының дәстүрлі ән мәтіндерінің лингвомәдени бейнесіндегі лексика-семантикалық ерекшелігі философиялық терең ой мен дидактикалық мазмұнға, сан алуан экспрессия мен эмоцияға, өсиет-нақыл сөздер мен афоризмдерге, соны тіркестер мен синтаксистік параллелизмдерге аса бай екен ғылыми тұрғыдан талдауға түседі.
Қазақ халқының дәстүрлі ән мәтіндеріндегі эмотивті лексика мен лингвокультуремалар, семантикалық әрі стилистикалық реңктік мағына үстейтін коннотациялар нақты мысалдар негізінде сараланады. Ән мәтінідегі әуен мен сөздің үйлесімділігін құрайтын ырғақ, бунақ, шумақ, ұйқас, тембр, интонация, бейнелі көркем образ тудыратын метафора, теңеу, эпитет, паралелизм, символ, кейіптеу сияқты көріктеу құралдарының функциональдық қызметіне талдау жасалады.