Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сот дискурсының риторикасы мен просодиясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.06Аннотация
Тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде де ағымдағы қылмыстық істер мен олардың сот шешімдері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында құқықтық тәжірибені тарату мәселесі өзекті болып отыр. Бүгінгі күнге дейін отандық және халықаралық ғылымда сот дискурсындағы просодияның риторикалық қызметін зерттеуге арналған еңбектер аз. Тілдің просодиялық деңгейін зерттеуге қызығушылық просодияны, атап айтқанда сөйлеудің жылдамдығы, ұзақтығы, интонациясы және үзілісі сияқты сөйлеудің уақыттық сипаттамаларын қарастыратын жаңа компьютерлік программаның пайда болуымен көріне бастады. Сондықтан бұл мақалада сот дискурсындағы просодияның риторикалық қызметін зерттеу бойынша атқарылған жұмыстар сипатталды. Просодияның көп функционалдығы мен оның күрделілігінен БАҚ-тағы сот ісінің просодикалық қызметін риторика аясында зерттеу, сөйлеудегі просодикалық процестердің мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу үшін Америка Құрама Штаттарында 2018-2020 жылдар аралығында қаралған Эзра МакКэндлстің қылмыстық ісі бойынша жаңалықтардан алынған материалдар қолданылды. Жұмыста риторикалық-дискурстық талдау, сондай-ақ Praat компьютерлік программасы арқылы акустикалық талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды. Риторика контексіндегі сот дискурсын просодикалық талдау негізінде тыңдаушылардың істі қабылдауына әсер етуге бағытталған ауыспалы қарқындылығы бар просодикалық баяндау әдістері, сондай-ақ тонның көтерілуі мен төмендеуі, сөйлеу үзілістері анықталды