Гендердік аспектегі адамның бейвербалды мінез құлқы
Аннотация
Мақалада қарым-қатынас процесінде қолданылатын бейвербалды амалдардың гендерлік сипаты қарастырылады. Мақаланың мақсаты – гендерлік аспектідегі бейвербалды қарым-қатынастың маңызды ерекшелігін, ерлер мен әйелдерге тән тілдік емес әрекеттерінің ерекшеліктерін және әртүрлі жайттардың дене тіліне әсерін, атап айтқанда мәдениеттің, адамның жеке ерекшеліктерін, ер және әйел коммуниканттары эмоцияларының тілдік көрінісінің бейвербалды компоненттерді қолданудағы ерекшелігін анықтау. Ерлер мен әйелдердің бейвербалды әрекеттерінің жекелеген компоненттеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Гендерлік айырмашылықтар бейвербалды қарым-қатынас стилінде де көрініс табуы мүмкін. Бейвербалды қарым-қатынас тек бет-әлпет, дене қимылдары және ым-ишарамен ғана шектелмейді, сонымен қатар жанасу, проксемика, көз контактісі және хронемикадан тұрады. Ерлер мен әйелдер жынысына байланысты әртүрлі сөйлейді. Шын мәнінде, тұқым қуалайтын биологиялық факторлар, ерлер мен әйелдердің қалай тәрбиеленетініне қатысты әлеуметтену және әлеуметтік биліктегі теңсіздік гендерлік айырмашылықтарға әсер етеді. Қарым-қатынастың кеңістіктік құрамдас бөліктері тұлғааралық қарым-қатынаста ерекше орын алады. Әңгімелесушілер арасындағы қашықтық бейвербалды қарым-қатынастың тәуелсіз құралы бола алады. Зерттеу көрсеткендей, ерлер жеке қашықтықта сөйлескенді ұнатcа, ал әйел адамдар әлеуметтік қашықтықта сөйлесуді таңдайды. Қарым-қатынас кезінде әйелдер ерлерге қарағанда бейвербалды амалдарды жиірек қолданады. Жалпы бейвербалды қарым-қатынастағы гендерлік айырмашылықтарды зерттей отырып, ым-ишара қарым-қатынасында гендер өте маңызды рөл атқарады деген қорытындыға келуге болады.
Түйін сөздер: Гендер, бейвербалды қарым-қатынас, интерпретация, бет әлпеті, стереотиптер, әрекет, әйел мен ерлер қимылдары, мәдениет.