Жаңа қазақ әдебиеті: постсоциолисттік контексттер және көркем аудармалар
Аннотация
Қазіргі әлемдегі өзгерістер біртұтас жаһандық қатысымдық кеңістіктің әсерінен сұхбат түріндегі принциптерінің өзгеруін анықтайды. ХХI ғасырда Қазақстан әдебиеті мәдениетаралық өзара іс-қимылды жалғастыра отырып, әлемнің ұлттық әдебиеттерімен бірдей деңгейде дамуда. Еліміздегі этностар әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі зерттеулердің дамуы бүгінгі таңда халықаралық контекстте ғылымның классикалық кезеңі мен әдебиеттанудағы отаршылдықтан кейінгі теорияға өзекті болып табылады.
Мақала авторлары қазақ халқының рухани келбеті мен мәдениетін шетелдік орта мен көпмәдениетті кеңістікті қабылдауда зерттеуді өзекті әрі маңызды деп санайды. Қазақ әдебиеті үшін маңызды халықаралық және этносаралық байланыстар да болған. Қазақстан әдебиетінің жай-күйіне әсер ететін бүгінгі таңда жаңа факторлар мен коммуникациялар пайда болуда. Аудиовизуалды және компьютерлік индустрия заманауи филологиялық зерттеулердің аксиологиялық аспектісінде отандық мәдениет пен әдебиетін зерттеуге арналған дискурстардың кеңеюіне себеп болады. Қазақ әдебиетін қабылдау шеңбері шет елдерде кеңейіп келеді (Абай шығармаларының ағылшын тіліне, М.О. Әуезов прозасының белорус тіліне жаңа аудармалары, чех тілінде «Алаш және Ахмет Байтұрсынов» кітабы, швециядағы Д. Исабековтің шығармалар жинағы, т.б. жарияланды). Сыртқы байланыстардың динамикалық ілгерілмелі дамуы қазақ-ағылшын, әзірбайжан, америкалық, беларусь, болгар, чех және грузин ынтымақтастығы қазақ әдебиетін халықаралық контекстте зерттеуге постнеклассикалық эпистемологияның және плюриверсальдылық аспектісінде негізделеді.
Зерттеу әдістемесі тарихи-типологиялық және герменевтикалық әдістердің жиынтығына негізделген. Көркем аударма процесінде енгізілген жергілікті әдеби ортадағы және ұлтаралық мәтіндерді көркем аударма процесіне түсіндіру әдісі де маңызды. Мақаланың нәтижесі өзіміздің елде және шетелде белгілі бір ғылыми қызығушылық тудырады.