Қазақ ұлттық киім атауларын аударудың лексикалық және семантикалық ерекшеліктері

Авторлар

        97 79

Аннотация

Мақалада адамзаттың  сонау полеолит – тас дәуірінде тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланумен қатар сүйек ине, сүйек бізді қолданып тері және тоқыма киім-кешек жасап, киіну мәдениетінің басқа да түрлерін қалыптастыра бастағаны туралы ақпарат беріледі.

Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан, мықыннан киілген киім түрлерін  лингвистикалық тұрғыдан қарастырсақ олардың өздеріне тән атқаратын қызметтеріне және ұлттық ерешеліктеріне қарай  атаулары пайда болған. 

Киімдерге байланысты шыққан атаулардың пайда болуы тіліміздің сөздік қорын байыта түсті, әсіресе ұлттық киім атауларын басқа тілдерге, соның ішінде батыс герман тобына жататын ағылшын тіліне тәржімалауда кездесетін ерекшеліктерді ғылыми жұмыстың көкейкестілігі ретінде қарастырғымыз келсе, олардың қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылу тәсілдерін алғаш рет кешенді түрде көрсету ғылыми жаңалық тұрғысынан ұсынылып отыр.

Ғылыми жұмыстың  практикалық маңыздылығы зерттеу жұмысының нәтижелерін әдебиет, аударма саласында, мәтіндерді оқып-түсінуге, сөздіктер жасауда, ғылыми баяндамалар дайындауда, жеңіл өнеркәсіп, текстиль және дизайн салалары бағдарламалары бойынша  оқыту барысында пайдалануға болады.

 Ғылыми жұмысты орындау барысында салыстырмалы және аудармалық талдау әдістері қолданылды.

 

Түйін сөздер: лингвистика, аударма, транскрипция, транслитерация, калька, жақын аударма, киім атаулары, лекискалық және семантикалық ерекшелік

Жүктелулер

Как цитировать

Aukhadieva, Z. Z., Yesenova, E. M., & Primzharova, R. K. (2023). Қазақ ұлттық киім атауларын аударудың лексикалық және семантикалық ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 211–218. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4205