«Ламған» топонимінің этимологиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph04
        148 120

Аннотация

Аталған мақалада қазір Ауғанстан мемлекетіне тиесілі Ламған аймағының атауы тілдік тұрғыдан қарастырылады. Мақалада «Ламған» топонимінің шынайы шығу тегін анықтауға талпыныс жасалған, өйткені бұған дейін бұл атаудың шығу тегі жайлы түрлі сенімсіз болжамдар жасалған болатын. Олардың ішінде Үндістанды жаулап алушы, Моғолдар әулетінің негізін салушы, Әмір Темірдің ұрпағы, бірақ тіл білімі ғалымдары үшін өзінің «Бабырнама» атты шағатай тілінде жазылған автобиографиялық құнды еңбегімен танымал Захириддин Мұхаммед Бабырдың (1483-1530) аталған атаудың шығу тегі жайлы болжамы да бар. Оның пікірінше, Нұх пайғамбардың әкесі Ұлы Ламаның бейіті Әлишен тұманында орналасқан (Ламған жақта). Кейбір жылнамаларда оны Ұлы Ламак, Ламекан деп те атайды. Бұл елдің адамдары кейбір жағдайда каф әрпін гайн деп айтады. Осы себептен аймақ Ламған аталып кеткен болуы керек. Бір көрінгеннен ғылыми этимолоялық нұсқаға ұқсайтын топшылау, алайда тілдік талдау барысында бұл нұсқаның тек халық сеніміне негізделгені анықталды. Зерттеу барысында жинақтау, дәстүрлі сипаттама, салыстырмалы әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде біз Ламған атауына оны мекендеген lamba (lampaka) халық атауына, яғни этнонимге парсы тілінде қатыстылық мән беретін -ğān жұрнағы жалғануы негіз болған (Lam+ğān) деген қорытындыға келдік.

Түйін сөздер: Ламған, Бабырнама, Бабыр, топоним, этимология.

Авторлардың биографисы

A. Tangsykbai, Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева, Казахстан, г. Астана

Таңсықбай Әділет Қыдырбекұлы – докторант, Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева (Астана, Казахстан, e-mail: adilet_2_97@mail.ru);

K. Kenzhalin, Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева, Казахстан, г. Астана

Кенжалин Қуанышбек Кәрімұлы (корреспондент автор) – PhD, доцент, Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева (Астана, Казахстан, e-mail: kenkk@mail.ru);

 

B. Kulzhanova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Құлжанова Бақытгүл Райханқызы – кандидат филологических наук, профессор, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, e-mail: bahit777@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Tangsykbai, A., Kenzhalin, K., & Kulzhanova, B. (2024). «Ламған» топонимінің этимологиясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 37–46. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph04