Қазақ тілінің поэтикалық корпусы мәселесі бойынша бірер сөз

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph05
        93 47

Аннотация

Мақала қазақ тілінің поэтикалық корпусына енетін поэтикалық тіл мәселесін зерттеуге арналады. Негізгі нысан ретінде алынған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры нұсқаларының поэтикалық ерекшеліктері талданады. Ішінара «Қыз Жібек» жырынан мысал келтіріледі.

Зерттеудің мақсаты, негізгі бағыты мен идеясы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры нұсқаларының поэтикалық құндылығын ашып көрсетуді көздейді.

Мақалада іріктеу, жүйелеу, лексика-семантикалық және тақырыптық топтарға бөлу, құрылымдық, сипаттау, семантикалық топтау, синхрондық талдау, салғастыру әдістері қолданылды.

Мақалада қазақ халқының сан ғасырлардан бері жырланып келген ең көне мәдени жәдігерлерінің бірі Қазақ тілінің поэтикалық корпусында берілген «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының  таңдаулы нұсқалары өзара салыстырыла отырып, тарихи-поэтикалық тұрғыдан зерделенеді. Аталмыш жырдың барша түркі халықтарына ортақ мұра екендігі белгілі. Мәселен, осы жырдың алтайлықтарда, башқұрттарда, татарларда бірнеше нұсқалары сақталған. Жырдың қазақ тіліндегі нұсқаларына келер болсақ, ең алғаш бұл жыр В.В.Радловтың «Образцы народной литературы тюркских племен» атты еңбегінің 1870 жылғы үшінші томында және 1876 жылы И.Н.Березин тарапынан «Түрік хрестоматиясы» құрамында жарық көрген болатын. Эпосты жинақтау, жариялау және зерттеу жұмыстарына Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин бастаған көптеген зиялы қауым атсалысты. Мақала негізінен Жанақ ақыннан жазылып алынған Шоқан нұсқасы, сондай-ақ, В.Радлов, Бейсенбай, М.Ж.Көпеев, Потанин, Шөже нұсқалары негізінде жазылып отыр.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер: 1) эпостың басты нұсқаларының поэтикалық тілін өзара салыстыра зерттей отырып, ең негізгі, көне және көркем нұсқа ретінде Жанақ ақынның жырлаған нұсқасын тауып отырмыз; 2) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» тәрізді лиро-эпостық жырлардағы басты кейіпкерлердің өміріне байланысты тағдырдың таңбасы іспетті, тағдыршешті мәселелер құрамы анықталып отыр; 3) жырдың әртүрлі нұсқаларында біресе жағымды, біресе жағымсыз кейіпкер ретінде әралуан беріліп отыратын Сарыбай мен Қарабай байлардың қайсысының нағыз жағымды кейіпкер болуы тиісті екендігі дәлелденіп отыр.

Түйін сөздер: лиро-эпос, поэтикалық корпус, поэтикалық тіл, түпнұсқа, оппозициялық бинарлы топ. 

Авторлардың биографисы

Гүлжиһан Байғазықызы, Институт языкознания им. А.Байтурсынова, Казахстан, г. Алматы

Малбаков Мырзаберген – филология ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: mvrzabergenmalbakov@gmail.com);

Г. Kубденова, Институт языкознания им. А.Байтурсынова, Казахстан, г. Алматы

Кубденова Гулжихан (корреспондент автор) – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: guljihan@mail.ru);

A. Қайрат, Институт языкознания им. А.Байтурсынова, Казахстан, г. Алматы

Қайрат Асау – PhD докторант, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: asauqairat@gmail.com).

Жүктелулер

Как цитировать

Maлбаков M., Kубденова Г., & Қайрат A. (2024). Қазақ тілінің поэтикалық корпусы мәселесі бойынша бірер сөз. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 195(3), 44–57. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v195.i3.ph05