Түркі тілдеріндегі табу аттардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері

Авторлар

  • G. Kоrtabaуеva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0003-0166-2180
  • G. Temenova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0001-8569-0706
  • M. Shaikhystamova Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Ясави, Казахстан, г. Туркестан https://orcid.org/0000-0002-7572-8069
  • А. Seidikenova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы https://orcid.org/0000-0002-6122-808X

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph06
        129 130

Аннотация

Мақалада түркі халықтарындағы түрлі наным-сенімдерге байланысты пайда болған тұмар ат, қорғаныш есім, жанама ат, ат тергеу салтының ерекшеліктерін талдауға арналған. Тұмар аттар немесе «қорғаныш аттар» – түркі халықтарының салт-дәстүрі әрі көптеген қызықты ақпараттар көзі. Жалпы түркі халықтарының тілінде аң-құсқа табынуға байланысты пайда болған табу аттар бүгінгі күнге дейін жәдігер ретінде сақталған. Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын табу сөздерді лингвомәдени тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Қазақ халқында кездесетін табуға айналған есімдер, «ат тергеу» салты (жанама аттар) басқа түркі халықтарымен салыстырыла зерттелді. Әсіресе, Сібірдегі түркі тілдес халықтар тыйым салынған, яғни табуға айналған есімдерді көбірек қолданатыны байқалды.

Мақаланың мақсаты – түркі халықтарының ат қою дәстүрінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу. Зерттеу үшін алынған кейбір түркі тілдерінде баланы атау рәсіміндегі антропокомпоненттердің жалпы белгілері анықталды. Табу есімдерді түркі халықтарының материалдық және этномәдени кеңістігінде қарастыру олардың антропонимдік жүйелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: табу, түркі халықтары, тотем, әдет-ғұрып, бойтұмар, ат қою дәстүрі,  жанама ат

Авторлардың биографисы

G. Kоrtabaуеva, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Кортабаева Гулжамал Кыдырбаевна (корреспондент автор) – кандидат филологических наук , Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, e-mail: turki_alemi@mail.ru);

G. Temenova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Теменова Гульзада Канатовна – магистр филологических наук, старший преподаватель,  Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, e-mail: temenovagulzada@gmail.com);

M. Shaikhystamova, Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Ясави, Казахстан, г. Туркестан

Шайхыстамова Мәлике Бердібайқызы – докторант, преподаватель, Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмета Ясави – (Түркістан, Казахстан, e-mail: malika.shaikhystamova@ayu.edu.kz);

А. Seidikenova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Сейдикенова Алмаш Смайылқызы – кандидат филологических наук, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Алматы, Казахстан, e-mail: Seydikenova781022@yandex.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Kоrtabaуеva G., Temenova, G., Shaikhystamova, M., & Seidikenova А. (2024). Түркі тілдеріндегі табу аттардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 59–68. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph06