Әлем тілдеріндегі түркизмдердің зерттелу мәселесі

Авторлар

        109 156

Аннотация

Мақалада шет тілдеріндегі түркизмдер мәселесі, түркизмдердің шет тілінде қолдану барысында дыбыстардың фонетикалық өзгеріске ұшырауы қарастырылып, мысалдармен беріледі. Шет тілдеріндегі түркизмдерді зерттеу үшін негізгі дереккөздерді жинау, жүйелеу, талдау және салыстыру әдістері, тарихи-салыстырмалы, салғастыру тәсілдері қолданылады.

Әлеуметтік-лингвистикалық аспектідегі тілдік қарым-қатынастар түркітанушыларды, ғалымдарды бұрыннан бері қызықтырып келеді. Бұған себеп әлем тілдері о бастан бірнеше тілден шыққан ба, әлде бір ғана тілден шыққан ба деген сұрақ адамзат баласын бағзы заманнан бері толғандырып келеді. Ғалымдардың бір тобы әлем тілдері кезінде ортақ түбірден шықты деген пікір айтса, кейбіреулері бірнеше диалектіден пайда болған деген пікірді ұстанады. Осы мәселелердің шешімін табу үшін ең алдымен дүние жүзіндегі тілдер жан-жақты зерттелініп, дыбыстардың ерекшеліктері және сөздердің қаншалықты ұқсас екендігі ортаға қойылуы керек.

Түркі халықтарының ең алғашқы тасқа қашап жазылған мәңгі тастарына қарайтын болсақ, түркілер мен қытайлардың тығыз байланыста болғандығын көруге болады. Бұл байланыс Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі лексикалық қордан байқалады. Бұнымен қоса түркілер соғды, араб, парсы, монғол т.б. халықтармен қарым-қатынаста болып, көптеген сөздерді алған және осы тілдер де түркі сөздерін қабылдаған. Себебі екі тілдің қарым-қатынасы нәтижесінде тек қана бір тіл сөзді алып немесе беріп қана қоймайды, басқа тілге сөз бергендей басқа тілден де сөздер алады.

Түркі тілдерінің лексикалық қорында шет тіліндегі кірме сөздердің қолданылатыны белгілі. Дәл осындай кері байланыс түркизмдерге де байланысты. Яғни түркі сөздерінің басқа ттілдерде де қолданылатынын тілдік деректермен дәлелдеуге болады. Қазіргі түрік терминологиясында кірме сөздер үшін alıntı, берген сөздер үшін verinti атаулары қолданылып келеді. Қазіргі қазақ тілінде verinti терминінің баламасы жоқ. Кейбір ғылыми әдебиеттерде араб және парсы және т.б. тілінен енген сөздерді кірме сөздер, ал еуропалық тілдерден енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық ерекшіліктеріне сәйкестендірілмей кірген сөздерді шетелдік сөздер деп атаған.

Түйін сөздер: түркітану, түркі тілдері, шетел сөздер, кірме сөздер, түркизмдер, тілдердің қарым-қатынасы.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-04-01

Как цитировать

Avakova, R. A., Sultanbek, K., & Koksegenov, A. K. (2023). Әлем тілдеріндегі түркизмдердің зерттелу мәселесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 4–12. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/EJPh.2023.v189.i1.ph1