Прагматикалық бейімделу – поэзия аудармасының барабарлығына жетудің негізгі факторы
Аннотация
Мақалада аударматанудағы прагматикалық бейімделу мәселесі және оның поэзия аудармасымен байланысы қарастырылған. Сонымен қатар, поэзия аудармасының барабарлығына жету мақсатында прагматикалық бейімдеудің рөлі анықталады. Аударманың прагматикалық бейімделуі жайында толық ақпарат беріліп, прагматикалық бейімдеуде тәржімеші қандай аударма әдіс-тәсілдерін пайдаланатыны анықталады. Автор поэзия аудармасы мен түпнұсқаға талдау жасау барысында тәржімашының поэзия аудармасын оқырманға байланысты прагматикалық бейімдеу кезінде жиі қолданатын аударма тәсілін анықтаған. Сонымен қатар, мақалада тәржімешінің қазақ поэзиясын ағылшын тіліне бейімдей аударуда ұлттық мәдени сөздер мен сөз тіркестері мағыналарының және өлең авторы айтпақшы ойы мен әсерінің сақталуы талданған. Талдау нәтижесінде өлең аудармасы мен түпнұсқаның мағыналық және эмоциялық әсерінің сәйкестігі анықталды. Осының негізінде, прагматикалық бейімдеу арқылы аударылған поэзия түпнұсқаға барабар болатыны дәлелденген.