Мәдени-айрықша атаулардың қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылуы (М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі негізінде)

Авторлар

  • A. Alpysbayeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • S. Ashymkhanova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • K. Zhumagali Жетысуский университет имени И. Жансугурова, г. Талдыкурган, Казахстан
  • S. Iskindirova Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова, г. Актобе, Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph18

Аннотация

Мақалада алғаш рет қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі мәдени- айрықша лексиканы түпнұсқадан ағылшын тіліне аударылу ерекшеліктері қарастырылады. Ақынның поэзиясы 2018 жылы алғаш рет ағылшын тіліне аударылып, әлі жете зерттеле қоймады.

Қазақ және ағылшын тілдері – әртүрлі континенттерде қолданылатын және бір-бірімен туыстығы жоқ тілдік отбасылар мен мәдениеттерге жататын тілдер. Бірақ тағы да аударма мәдениеттерді жақындастыратын және олардың қоршау шекараларын ашатын көпір қызметін атқарады. Алайда, мәдени-айрықша элементтердің бір тілден екінші тілге аударылуы кез келген тәуекелге бару үшін әсіресе «қауіпті» және аудармашыдан ерекше қатысымды талап етеді. Әлемдік аударматану ғылымында мәдени элементтерді жеткізудің қиындықтарын жеңуге көптеген әрекеттер жасалғаны анық. Дегенмен, біз Л. Венутидің форенизация және доместикация принциптерімен (1995, 2001) байланыста Е. Дэвистің мәдени-айрықша элементтерді (бұдан әрі CSI) аудару амалдарына негізделген талдауды ұсынамыз (2003). Сондай-ақ, мақалада аудармашыдан қашықтан болса да сұхбат алып, жалпы аударма үдерісі қалай өткенін, CSI аудармасы кезінде қандай қағидаттарды ұстанғаны жайлы құнды ақпарат келтіріледі. Сәйкесінше зерттеу тақырыбына байланысты маңызды сұрақтар аудармашының түсініктемелерімен сүйемелденген. Жалпы талдаудың нәтижелері мен қорытындылары қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың салыстырмалы теориясын қалыптастыру кезінде көркем аударма тәжірибесінде үлкен маңызға ие болады, өйткені ол енді даму үстінде және ғылыми негіздемені талап етеді.

Кілт сөздер:көркем аударма, поэтикалық аударма, мәдени-айрықша атаулар, аударма стратегиялары.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-29