Сакральды мәнді сөздер табиғаты. Природа сакрально значимых слов.

Авторы

  • Zh. D. Esimova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы
        176 37

Ключевые слова:

сакральды мағыналы сөздер, когнитивтік ақпарат, семантика, лексикалық мағына, номинация, символ, құрбандық шалу, аса, асатаяқ, бақан, шоқ терек, сакрально- значимые слова, когнитивная информация, лексическое значение, жертвоприношение, посох,

Аннотация

Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық дүниетанымында тұрақтылық сипатқа ие болған сакральды мәнді сөздер мен ырым-оралғылардың, салт-дәстүрлердің семантикасы қарастырылады. Сакральды мәнді ұжымдық құндылықтар семантикасында сол ұлттың қалыптастырған ұлттық тарихи мәдениеті мен элитарлық мәдениеті, тарихи ұжымдық санасы, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік шаруашылығы, өмір тәжірибесі, моралдық ұстанымдары, этикасы мен эстетикасы сияқты рухани құндылықтарының көрініс табатыны когнитивті лингвистика мен номинация теориясы тұрғысынан талқыланады. Мақалада сөздің семантикасындағы зат, құбылыс туралы тура мағынасымен қатар дүниетанымның күрделенуіне орай қосымша ауыспалы мағынадағы символдық, ақпараттық, мәнмәтіндік реңктері болатындығы нақты мысалдармен дәйектеледі. Құрбандық шалу этнофразеологизмнің семантикалық астарынан ұлттық рухани дүниетаным бойынша күллі қиындықтар мен ауыртпашылық осы сойылған тоқтының жанымен кетсін деген ақпарат пен символдық мағына берілген. Сокралды семантикаға ие тауларға Қазықұрт, Бектау ата, Ойсылқара, Ұлытау, Хан тәңірі, Әулие шоқы, Көктөбе, Сантас сияқты көптеген тауларды жатқызуға болады. Қазақтың мифологиялық дүниетанымында алып ағаш Бәйтеректің өзгеріске ұшыраған (трансформацияланған) аса, сатаяқ, бақан, шоқ терек сияқты түрлерінің сакральды семантикасы талқыланды. «Киелі ағаш» ұғымының тағы бір түрі, космостық ағаштың өзгеріске ұшыраған бір формасы – бақан (бағана). Бақан- ғарыштың тұрмыстағы үлгісі- киіз үйдің басты, қасиетті атрибуты. Ол – әлем ағашының символы екені когнитивті ақпараттар негізінде айқындалады. В статье рассматриваются сакрально-значимые слова и семантика суеверий и обычаев, которые хорошо обосновались в национальном мировоззрении казахского народа. В семантике сакрально-значимых коллективных ценностей проявляются национальная, историческая культура и элитарная культура, историческое коллективное сознание, мировоззрение, образ жизни, социальное хозяйство, жизненный опыт, моральные позиции, которые обосновывал тот или иной народ, духовные ценности, этика и эстетика. Они обсуждаются с позиции когнитивной лингвистики и номинации. В семантике слова, отражающего предмет и явления в прямом значении, в связи с усложнением мировоззрения возникают дополнительные символические, информационные, смысловые оттенки в переносном значении, которые аргументируются точными примерами. Этнофразеологизм жертвоприношения дает информацию и символическое значение в семантическом подтексте по национальному духовному мировоззрению, чтобы все трудности и тяжести ушли вместе с душой зарезанной овцой. Многие горы имеют сакральную семантику: Қазықұрт, Бектауата, Ойсылқара, Ұлытау, Хан Тәңірі, Әулиешоқы, Көктөбе, Сантас. В мировоззрении казахской мифологии обсуждается измененная (трансформированная) сакральная семантика видов могучего дерево тополя как посох, посох с погремушкой, бакан (шест с развилкой, которым поднимают кошму в верхнюю часть остова юрты), тополиная роща. Еще один вид значения «Святого дерева», измененная форма космического дерева – бакан (багана). Бакан – образец космоса в быту – главный, священный атрибут юрты. Он определяется на основе когнитивных информаций как символ мирового дерева.

Библиографические ссылки

1 Байндурашвили А.Г. Экспериментальные данные о психологической
природе наименования и проблемы языкового знака // Cеминар
по психолингвистике. – М., 1966.
2 Гегель Г.В. Лекции по эстетике. – В 2-х томах. – Санкт-Петербург,
1998.
3 Попов Ю.В., Трегубович Т.П. Текст, структура и семантика.– Минск: Вышэйшая школа, 1984. – 189 с.
4 Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы,1984.
5 Валиханова Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.– Т. 1.–Алматы,
1961.
6 Керимбаева С.Е. Ономастическая экспликация мифологической
модели мира в казахском языке. Автореферат...КФН. – Алматы, 2004.
7 Хинаятұлы Б. Қазақтардың төрт түлікке қатысты дәстүрлі ырым, жосын-жоралғы, әдет-ғұрыптары // Қазақтыңәдет-ғұрыптарымен
салт-дәстүрлері:өткендегісі және бүгіні. – Алматы: Ғылым, 2001. – 190 б.

Загрузки

Как цитировать

Esimova, Z. D. (2015). Сакральды мәнді сөздер табиғаты. Природа сакрально значимых слов. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 152(6). извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/846