Жоғары оқу орындарының білім беру қызметіндегі « дәстүрлер» және «инновациялар»

Авторлар

  • D. B. Madyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • О. B. Altynbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

білім беру, әдіс, жобалау тәсілі, проблемалық оқыту, лингвистика пәндері, құзыреттілік.

Аңдатпа

Жоғары мектептегі білім беруді қалыптастыру және бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеудің қазіргі деңгейі оқу үдерісіне барлық мамандықтар мен пәндер бойынша (оның ішінде лингвистикалық) студенттерді оқытудың жаңа бағдарларын енгізуді талап етеді. Бұл тізімге жалпылингвистикалық базалық, іргелі пәндер, сондай-ақ шет тілдерін оқыту кіреді. Егер бұрын жоғары оқу орындары пәндерін оқытуда білім алушыларға белгілі бір білім беруге талпыныс жасалса, қазіргі таңда практикалық біліктіліктерін қалыптастыру қажет. Бұл жағдай білім беру жүйесін әлемдік деңгейде, ауқымды көлемде сипаттайды. Мектептің де, жоғары оқу орнының да басты айырмашылықтарының бірі оқушы (немесе студент) оқытудың нысаны емес, яғни пассив тыңдаушы, пассив білім алушы емес, шағын және ірі топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын оқытудың белсенді қатысушысы болып табылады. Нәтижесінде студенттердің алған білімді тереңірек түсіну қабілеті қалыптасады; олар оқуды аяқтаған кезде өз қабілеттерін жете түсінетін болады; өмір бойы оқуына қажетті біліктіліктерін дамытуға баса назар аударылады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары