Шет тілін үйрену үдерісіне көмектесетін және кедергі болатын факторлар

Авторлар

  • G. T. Okusheva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. А. Muldagalieva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • N. Yu. Zuyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

Шетел тілін зерттеудегі логикалық мәселелер, ин¬ терференция, трансференция, аффективтік факторы, уәждеме.

Аңдатпа

Тілді үйрену біркелкі үдеріс емес. Бұндай үдерістің сәтті болуын болжау немесе оған кепіл беру өте қиын, өйткені оқыту нәтижеле¬ рі өздерінің сипаты бойынша ерекшеленеді. Берілген мақалада, біз шет тілін тиімді меңгеруге көмектесетін және оған кедергі болатын кейбір мәселелерді қарастыруды мақсат еттік. Көп жылдар бойы әдебиеттерде шет тілін оқыту және оны меңгеру балалардың сөйлеп үйренуіне ұқсас үдеріс ретінде қарастырылып келген. Алайда, уақыт өте келе, көптеген авторлар тәжірибелер мен зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде оқушылырдың, студенттердің және ересек адамдардың шет тілін үйренулері бала тілінің даму жүйесінен мүлдем өзгешеле¬ неді деп қорытындылады. Баланың сөйлеу механизмінің дамуы кә¬ мелеттік жасқа келе тоқтайды, сондықтан да, шет тілін үйрену көп жағдайда нәтижелі үдеріс болмай жатады. Әсіресе, шет тілі аудито¬ рияда ғана оқытылып және тілдік орта болмаған жағдайда шет тілін үйрену одан әрі қиындай түседі. Осындай себептерге байланысты, шет тілін уйретуде оқытудың мақсаты мен міндеттерін және үйре¬ нушіге қажет құзіреттердің жиынтығын анықтап алу өте маңызды.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемесі

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары