І. Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері. Некоторые синтаксические особенности произведений И. Жансугурова

Авторы

  • K. B. Sarbasova І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
        69 145

Ключевые слова:

стильдік қызмет, поэтикалық синтаксис, альтернативтік мағына, диалог, риторикалық сұрақ, лексикалық қайталаулар, стилическая функция, поэтический синтаксис, альтернативное значение, риторический вопрос, лексические повторы

Аннотация

Мақалада Ілияс Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері қарастырылады. Ілияс Жансүгіров дәстүрлі поэтикалық синтаксисті пайдалана отырып, оның дамуына үлес қосқандығы дәлел- денеді. Белгілі бір құбылысты суреттеуде жай сөйлем түрі – хабарлы сөйлемнің жиі қолданылатыны мысалдармен дәйектеледі. Ақын өлең шумақтарында бір жолда бірнеше жай сөйлемді қатар қолданатындығы ерекшелік ретінде сипатталады. Ілияс Жансүгіров шығармаларынан сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерінің барлығы, атап айтқанда, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің коммуникативтік қызметтен басқа стильдік қызметте жұмсалуы, сөйлем түрлерінің кейіпкер тілінде, авторлық баяндауда да белгілі бір мақсатта қолданылатыны «Күйші», «Дала», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Гималай» өлеңінің мәтіндерінен алынған мысалдармен дәлелденіп, сипатталады. Поэзия тілінде құрмалас сөйлемнің сабақтас түрі: -іп,-іп,-п тұлғаларымен жасалғандары жиі кездесетіні анықталып, ақынның өлең ұйқасын көсемшенің тиянақсыз формасына құруы оқиға желісін үзбей, өлеңге ырғақ, екпін беруге мүмкіндік береді деген ой түйіндейді. «Біздің жазда», «Арманым» өлеңі осы тұрғыда талданды. В статье рассматриваются некоторые синтаксические особенности призведений И. Жансугурова. Поэт, используя традиционную синтаксическую конструкцию, чаще всего обращается к форме повествовательного предложения, что определяет его особенность. Автор использует простые предложения не только как коммуникативные единицы, но и использует их стилические возможности для выражения авторского повествования и акцентирования языка персонажа. Они отражены в примерах, взятых из поэм «Кюй», «Кюйши», «Кулагер», «Степь», романа «Товарищи», стихотворения «Гималай». В поэтических произведениях в структуре сложных предложений используется форма деепричастий с суффиксами -п,-ып,-іп. Такая форма способствует непрерывному повествованию коллизии произведения, не нарушает ритма, стихотворения. В таком русле проанализированы стихотворения «Наше лето», «Моя мечта».

Библиографические ссылки

1 Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2003.
2 Р.Әмір, Ж.Әмір. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998.
3 Сыдықов Т. І.Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Зерттеулер, портреттер. – Алматы: Арыс, 2011. – 488 б.

Загрузки

Как цитировать

Sarbasova, K. B. (2015). І. Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері. Некоторые синтаксические особенности произведений И. Жансугурова. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 144(4). извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/342