Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жиынтығын модельдеудің қолданбалы негіздері

Авторлар

  • S. Sh. Akymbek әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        37 29

Кілттік сөздер:

дауыстылардың призма моделі, дара дауыстылар, құранды дауыстылар, компьютерлік сараптау,

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың жасалым моделін жасаудағы әдістер мен тәсілдер, дауысты дыбыстарды ортақ және айырым белгілеріне қарай топтастыру, дыбыстардың жеке қасиеттерін ашудағы теориялық мәселелер практикалық, әрі практикалық тұрғыдан сөз болады. Зерттеу нысаны ретінде қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары алынатыны, түркологияда дыбыстардың моделін куб түрінде беру үрдісі бар екендігі, ал қазақ тілі үшін модельдеудің призмалық үлгісі тән екендігі, сонымен қатар дауысты дыбыстарды топтастыру барысында тек жасалым белгілері ғана емес, естілім белгілерінің де қажеттілігі дәлелденеді. Қазақ тіліндегі сөз басында жазылатын И және У дыбыстарының фонологиялық және фонетикалық сипаты да зерттеуден тыс қалмайды.
Модельдеу нәтижелі болуы үшін құранды дыбыстардың құрамы компьютерлік бағдарлама арқылы сарапталады, оларды форматтық талдау нәтижесінде дыбыстың физикалық құрамы ашылады. Сол арқылы дауыс тонының жиілік деңгейі және дыбыс тембрін жасаушы сөз дыбыстарының акустикалық мінездемесі толық айқындалады.

Библиографиялық сілтемелер

Әдебиеттер
1.1. Ақымбек С.Ш. Дауысты дыбыстар тіркесінің мәселелері
// ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. –2012. – №1
(135).
2.2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009. – 312 б.
3.3. Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 277 б.
4.4. http://www.praat.org

1.1. Aqi’mbek S.Sh. Dawi’sti’ di’bi’star tіrkesіnіng ma’selelerі // QazUW habarshi’si’. Fi’’lologi’’ya seri’’yasi’. –2012. – №1 (135).
2.2. Ju’nіsbek A’. Qazaq foneti’’kasi’. – Almati’: Ari’s, 2009. – 312 b.
3.3. Mi’rzabekov S. Qazaq tіlі foneti’’kasi’. – Almati’: Qazaq wni’’versi’’tetі, 2004. – 277 b.
4 http://www.praat.org

Жүктелулер

Как цитировать

Akymbek, S. S. (2016). Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жиынтығын модельдеудің қолданбалы негіздері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 155(3). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1463