Мазмұн мен мән гармониясы

Авторлар

  • А. Б. Салқынбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        25 15

Кілттік сөздер:

Абай лингвопоэтикасы, дүниетаным, теріске шығару, уәж, мән, сөз мағынасы, бағалау концепті.

Аннотация

Мақалада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдеріндегі терістеу арқылы берілетін бағалау концепті талданады. Көркем шығармадағы теріске шығару – өзіндік ерекшелігі мол, күрделі де кешенді құбылыс. Теріске шығарудың лебіздегі бейнесінің өзіндік ерекшелігін саралау, сөздегі мағыналық және мәндік құрылымын зерделеумен тікелей байланысты. Лебіздегі модальдылық, эмоционалды-экспрессиялық, бағалауыштық, байланыстылық, шарттылық мағыналар кейде теріске шығарумен қойындаса жымдасып, араласып кетеді. Мақалада қазақ тіліндегі семантикалық теріске шығарудың бірнеше грамматикалық тұлғалану жолдары бар екені талданады. Коммуникативтік қызмет атқарушы кез келген мәтін сияқты, өзіндік эмотивтік, апеллятивтік, прагматикалық қызмет атқара отырып, терістеу концепті де үнемі алдыңғы сапта қолданылып, жалпы ішкі мазмұн бірлігінің үндестігін, гармониясын құрайды. Абай өлеңінде терістеудің биік үлгісі бар. Мұнда жекелік (жеке бір кісіге арнау мағынасы) сипат жоқ, әлеуметтік негізі ерекше терең. Қай тілде оқылса да, берер түсінік ортақ, терістеудің эмоциялық қабылдануы – ортақ. Авторлық интенция нақты ақпараттарға сәйкес құрылғандықтан, ортақ қабылдау мен ортақ түсінікке оңай қол жеткізіледі

Библиографиялық сілтемелер

1 Абай. Екі томдық шығармалар жинағы: Өлеңдер мен аудармалар. – Алматы: Жазушы, 1995. – Т. 1. – 335 б.
2 Дәдебаев Ж. «Абай. Адам мен заман туралы», 23 ақпан,
2012 жыл, Абай институты сайтынан.

1 Abay. Ekі tomdyq shygarmalar zhinagy: Olender men audarmalar. – Almaty: Zhazushy, 1995. – T. 1 – 335 b.
2 Dәdebaev J. «Abai. Adam men zaman turaly», 23 aqpan, 2012 zhyl, Abay instituty saytynan.

Жүктелулер

Как цитировать

Салқынбай, А. Б. (2016). Мазмұн мен мән гармониясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 153(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1544