«ҚИЛЫ ЗАМАН» РОМАНЫНДАҒЫ ДЕРЕК ЖӘНЕ ДӘЙЕК
Аннотация
1916 жыл уақиғалары – М. Әуезовтің көз алдында өткен қасіретті тарих. Ел ағалары мен ата-әжелердің соғыс аталатын сұмдыққа перзенттерін жібергісі келмеген қиналыстары мен уайым-қайғыға толы кейіптері қаламгердің рухани әлемінде өшпестей із қалдырған. Тығырықтан шығар жол іздеген қазақтың жанталастарын, ел ішіндегі барша әңгімелерді құлағымен естіп, ақылға симайтын түрлі әрекеттерді көзімен көрді. М. Әуезовті қазақ-қырғыз тәрiздi момын халықтарды майдан жұмыстарына баруға көндiруден гөрi қыруға бағытталған Ресей үкiметiнiң өркениетті ел әрекетіне жатпайтын жыртқыш әрекеттері шошындырады. Ашынған. Отаршыл елдің сұрқия саясаты әшкерелеу тiлегi оянған. Алайда адамзат санасына жат бұл саясатты қаз-қалпында жазудың мүмкін еместігі да көріне бастаған кез. Соған қарамастан тағдырын тәуекелге байлап, бір шешімге бел буған. 1916 жыл уақиғалары туралы деректі-тарихи роман «Қилы заман» романы осылай дүниеге келген.