ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПЕРИФРАЗ ЛЕКСЕМАЛАРДЫҢ НОМИНАТИВТІК СИПАТЫ

Авторлар

  • K.K. Kurkeebayev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
        32 172

Аннотация

Мақалада тіл біліміндегі номинация теориясы қарастырылады. Екіншілік номинация «атау – шындық – болмыс» қатынасында тілді қолданушы ұжымның қоршаған орта туралы аялық білімі мен мағынаның ішкі формасының (внутренней форме значения) дамуы нәтижесінде қалыптасады. Қазақ тіліндегі перифраз сөздердің қалыптасуы екіншілік номинацияның нәтижесі. Тіл біліміндегі лексикалық құрамды зерттеуші ғалымдар перифраз ұғымын мазмұны мен тұлғасы жағынан өзіне ұқсас метафора, метонимия, синекдоха, эвфемизм, табу, сөз тіркесі, күрделі сөздер, түйдекті тіркес, фразеологизм сияқты тіл бірліктеріне ұқсастығы мен айырмашылығын ғылыми тұрғыдан сараптауды жөн санайды. Лексиколог мамандар перифраз атаулардың номинациялық сипатын фразеологизмдер, тұрақты теңеулер, стилистикалық фигуралар сияқты бір ғана мағына тұтастығына ие болып, құрылымы көбінесе тұрақты сөз тіркестері секілді екі-үш сөздің тіркесінен жасалып, ауыспалы мағынада қолданылатынын алға тартады. Мысалы, қара құрлық (Африка), тұманды альбион (Англия), көгілдір отын (газ), темір ханшайым (Маргерт Тетчер), ғасыр дерті (СПИД, ) бостандық аралы (Куба) және т.б.

Жүктелулер

Как цитировать

Kurkeebayev, K. (2018). ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПЕРИФРАЗ ЛЕКСЕМАЛАРДЫҢ НОМИНАТИВТІК СИПАТЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 169(1), 115–119. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2158