Мен/бен/пен жалғаулық шылауларының варианттылығы – жалғамалы тілдің белгісі
Аннотация
Мақалада қазақ тіл білімінің қолданбалы бағытын зерттеуде фонетикалық варианттылық,
тілде варианттардың пайда болуы, норма, семантикаға қатысты мәселелер қарастырылған. Жалпы
тіл білімінде тіл мен сөйлеуде көрініс табатын тілдік бірліктердің қызмет ету сипатын анықтауда
квантитативті және квалитативті әдістердің рөлі айтылған. Квантитативті математикалық тіл
білімінде шартты түрде алгебралық лингвистика деп аталатын бағытының берер нәтижесі
дәлелденген. Қазақ тіл білімі ғалымдарының зерттеулеріне шолу жасай отырып, мен/бен/пен
жалғаулық шылауларына түрлі стильдегі мәтіндер бойынша жасалған квантитативті, квалитативті
талдауларының нақты нәтижелері берілген. Сондай-ақ, аталмыш зерттеу нысаны бойынша
фонетикалық варианттың теориялық зерттеу қажеттілігі мен практикалық қолданысының
ерекшелігі айқындалған.