А. Байтұрсынұлы еңбегіндегі дауысты дыбыстар жіктелімі
Аннотация
Мақалада қарастырылған басты мәселе қазақ тіл білімінің негізін қалаған А. Байтұрсынұлы
әліпбиіндегі дауысты дыбыстар болып табылады. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби
жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912) – қазақша
жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп,
1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі
күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің
табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. «Әліпби деген – тілдің негізгі
дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған
дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер
құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы», – деп жазды
тұңғыш қазақ әліпбиінің негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы. Мақалада А. Байтұрсынұлы
еңбегіндегі дауысты дыбыстар қарастырылады.