Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесіндегі ауыл тұрмысын суреттеу ұстанымдары
Аннотация
Мақалада көрнекті қазақ қаламгері Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» повесінің көркемдік
ерекшелігі сарапталады. Шығармадағы өмір шындығы, дара характерлер, авторлық көркемдік
ұстаным мәселелері нақтылы мәнде, драматизм, характер шындығы, кейіпкер сөзі т.б. талданып,
қаламгерлік дара қолтаңба тұрғысында тың пайымдаулар жасалады. «Жабайы алма» белгілі бір
кезеңдегі қазақ ауылының классикалық образын сомдаған көркем туынды есебінде бағаланған.
Мақалада қазақ прозасындағы Ауыл концептінің Сайын Мұратбеков шығармаларында көркемдік
өріске шығуы тұрғысында тың пайымдаулар жасалған. Жазушының нақтылы уақыт аясындағы
ауыл тұрмысын адам тағдырлары, ұлттық бірегей сипаттар ауқымында күрделі психологиялық
арнада ашу шеберлігі нақтылы саралауға тартылған. «Жабайы алма» повесінде қазақы өмір
дағдыларының сұрапыл соғыс жылдарындағы қалпы көрініс тапса, жазушының «Кәментоғай»,
«Күсен, Күсеке», «Ұлтуған», «Менің қарындасым», «Отау үй» сынды туындыларында ХХ ғасырдың
60-70 жылдарындағы ауыл өмірі, адам психологиясындағы уақыт таңбасы, рухани-әлеуметтік
толғаныстар көркем баяндауға тартылды. Сайын Мұратбеков қазақ прозасын кесек әдеби
тұлғалармен байытқандығы; жазушының жазу машығындағы өмірсүйгіштік аңсарымен назар
аударатын дара характерлердің жасалу ерекшеліктері туралы автор қазіргі қазақ прозасының
көркемдік әлеуеті контексінде ой дамытады.