Түркі тілдеріндегі барыс септігі жалғауларының жаңа этимологиясы

Авторлар

  • Sagyndykuly B., Kulzhanova B. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан
        29 112

Аннотация

Септік жалғауларының ішіде барыс септігі жалғауларының формалары өте көп. Бұлар қазіргі
түркі тілдеріндегі және көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі архаикалық формалар болып
екіге жарылады. Түркологтардың барлығы бұл тілдік элементтердің ескіден келе жатқандығын
және бір бөлегінің жаңадан пайда болғандығын мойындап, олардың этимологиясы туралы
әр түрлі болжамдар жасады. Жаңа этимология барыс септігі жалғауларының формалары
қаншалықты көп болғанымен, олардың бір-ақ негізден шыққандығын дәлелдеп шықты. Үнемдеу
заңының ықпалы, жылысу, сіңісу, қатаңдардың ұяңдануы сияқты толып жатқан фоно-морфосемантикалық құбылыстар о бастағы әдепкі форманы адам танығысыздай дәрежеге жеткізген.
Мақалада қай форма қай формадан шыққандығы нақты дәлелденеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Kulzhanova B., S. B. (2018). Түркі тілдеріндегі барыс септігі жалғауларының жаңа этимологиясы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2), 219–224. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2339