Қазақ мақал-мәтелдерінің поэтикасы

Авторлар

  • Sarbasov B.S. Ergesh A. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан,
        29 61

Аннотация

Мақал-мәтел – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенінен, бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталап тұратын уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез келген уақиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп‑жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады.
Мақал мен мәтел – қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы, халықтың тұрмысын, кәсібін, салтын, дүниеге көзқарасын бейнелейтін шағын поэтикалық жанр.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жанры жоқ. Ертегі, аңыз, әңгіме, дастан-жыр, халық өлеңдерінде, тіпті жұмбақтар мен тақпақтарда да сөзді әрлеу, ойды өткірлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел, айшық ретінде қолданылады.
Мақал-мәтелдер – ықшамды түрде айтылатын, көп жағдайды аңғартатын, өмірдегі құбылыстарды тапқырлықпен түйіндеп, шеберлікпен жеткізетін сөз нақышы.

Жүктелулер

Как цитировать

Ergesh A., S. B. (2018). Қазақ мақал-мәтелдерінің поэтикасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 168(4), 34–38. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2441

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение