Бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиалингвистиканың рөлі
Аннотация
Қазіргі заманда адамдар ақпаратты жеңіл де тез ала алады. Қоғамда болып жатқан алуан
түрлі оқиғаларды нақты фактілермен қамтамасыз ету бұқаралық ақпарат құралдарының
басты қызметі. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратты адресатқа әсерлі де мазмұнды
жеткізу прагматикасы әр түрлі тілдік бірліктер мен (тұрақты сөз тіркестері, фразеология, т.б.)
сыртқы әсер етуші кодтарды (сурет, музыка т.б.) қолдану арқылы жүзеге асады. Бұқаралық
ақпарат құралдарының тіліне қатысты барлық мәселелер медиалингвистика аясында қаралады.
Медиалингвистика ақпарат құралдарының тілін ғана емес, қызметін, әлемдік ақпараттық
бейнесін, танымын, прагматикасын, лингвомәдениетанымын, сөз сөйлеу мәдениетін, қарымқатынас этикасын да зерттеумен айналысады.