Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы көркемдік даму бағыттары
Аннотация
ХІХ ғасырдағы әдеби үрдіс дәстүрлі сарындарды сақтап, замана ағымына орай жетілдіріп
отырды. Ежелгі дәстүрлі сарындар: адамның тіршілік сабақтары, дүниежаратылыс, ғұмыр жас
кезеңдері жайлы толғам, ойшылдық пайымдары, не жақсы, не жаманның жөні түрлі жанрдағы
шығармаға арқау болды. Ол мазмұн заманалық жаңа беталыстардың мәнімен толығып, аса айқын
әлеуметтік үнге бөккен өзгеше бір үздік сөз өнері болып орнықты.
Әдебиеттің қайсыбір дәстүрлі үлгісі болмасын жанрлық жаңғыруға түсіп, нақтылы сипаттарға
ие болды. Тарихтың көлеңкесін көркем сөзде жаңа бір әдіс, тәсілмен көрсетудің шеберлік
алымдары ашылды. Бұл мақалада біз әдебиет тарихындағы қайсыбір дәстүрлі үлгілердің тарихи
аядағы сапалық өзгерістері айқындалып келген теориялық негіздеулердің орнығу тарихына
тоқтала отырып, ХІХ ғасырдағы әдеби үрдісті айқындай, әдеби ағым, бағыттардың, даралай
түсудің ендігі міндеттеріне көңіл бөлдік, қайсыбір қисындарымызды әдебиеттанушы мамандар
назарына ұсындық. Мәселен, ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнерін фольклорлық, ауызша
әдебиет жөніндегі сипаттарын есте ұстай отырып, ХІХ ғасырдағы айтыстың өзіндік даралық
қырларын сипаттап, ашыла түскенін атап көрсеттік.