Түркі тілдеріндегі көптік жалғауының морфологиялық формалары

Авторлар

  • Sagyndykuly B., Kulzhanova B.R әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph20
        107 190

Аннотация

Түркі тілдеріндегі көптік жалғауларының түп-төркіні жөнінде шет елдерде де, кеңестер одағында да белгілі-белгілі ғалымдар тарапынан зерттеулер жүргізілді. Бірақ олардың қайқайсы да ортақ шешімге келе алған жоқ. Мысалы, қазақ тіліндегі -лар/-лер, -тар/-тер, -дар/- дер формаларының арғытегі -лар делінді. Соңғы ізденістердің нәтижесінде -лар-дың арғытек (архетип) емес, -тар-дың арғытек екендігі белгілі болды. Жалпы алғанда, тілдердің даму заңдылығына орай, көптік мағына көптік жалғауларының құрамында т, д, с, з, ш, ч дауыссыз дыбыстарының бірі бар болғанда ғана сақталатындығы анықталды. Бұл санамаланған дыбыстар тіпті жүйесі бөлек тілдерде де көптік мағына береді. Та «көп деген мағынада жұмсалса, ар «бөлік» деген мағынада жұмсалғанға ұқсайды. Бұл пікірлер келешекте ескерілуі тиіс.

Жүктелулер

Как цитировать

Kulzhanova B.R, S. B. (2019). Түркі тілдеріндегі көптік жалғауының морфологиялық формалары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 173(1), 72–78. https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph20