Жұмекен Нәжімеденов поэзиясындағы «ескіліктің» мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph22Аннотация
Мақалада Жұмекен Нәжімеденов поэзиясындағы ұғымдар мен концептілердің аражігі ажыратылып, олардың тілдік бірліктері қарастырылған. Тілдік тұлға қолданысындағы «ескіліктің» мәні талданып, негізгі идеясы талқыланды. Әр жылдары жарық көрген ақын Ж. Нәжімеденовтің жинақтары нысанға алынып, зерттелді. Тілдік тұлға, әлемнің тілдік бейнесі, тілдік-менталды кеңістік туралы әлем және қазақ ғалымдарының еңбектері қарастырылып, ондағы негізгі аспектілер арқылы тақырыптық зерттеу және сараптау, талдау жұмыстары жасалды. Сараптама жұмысы жасала келіп, «жұмекентану» ғылымының ұғымдары мен теориялары сараланып, қорытындыланды. Зерттеу нәтижелері мәнмәтіндегі тілдік тұлға қолданысындағы бірліктерді түсінуге, талдауға мүмкіндік береді.