«Зар заман» ағымы ақындарының толғауларындағы елдік идеясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph6Аннотация
Мақалада ХІХ ғасырдағы заманның болмысын, ахуалын батыл жырлаған, өздерінің азаматтық ой-пікірін ашық білдірген ойшыл «Зар-заман» ақындарының шығармашылық толғаулары қарастырылады. Қазақ халқының тарихи-әдеби мұралары – ұлттық мәдениетіміздің, тарихымыздың негізгі өзегі, оның маңызды саласы. Әрбір қоғамдық дәуірдің ойшыл, өршіл ақындары ел өміріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып, өз заманының көкейтесті мәселелерін көтеріп, үнемі халық жағынан табылып, оның мүддесін көздеген ұраншысы міндетін атқарды. Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұраларының жарық көрмей, оқытылуға тыйым салынған шығармалар есебінде бағалануының өзіндік саяси себептері бар. Себебі, көркем сөзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынған, ақындар өз толғауларында отарлық езгінің шырмауындағы халқының мұң-мұқтажын, ата-қоныс жерінің тарылуын, дінінің ұлттық салт-дәстүрінің «аяқ асты» тапталуын, елді сүліктей сорған патша ұлықтарымен бірігіп, туған халқын қанаған атқамінер бай-болыстардың істерін әшкерелеп, өз заманының өткір әлеуметтік қайшылықтарын ашық толғап туындыларында көтерді. Заман жайлы сол бір арпалыс тұсындағы ұлтының тағдыры туралы шерлі толғаныстарын, толғауларының күшімен қоғамдық ойға айналдыра білді.