Түркі тілдеріндегі жаңа атауларды біріздендіру мәселелері

Авторлар

  • Kurkebayev K.K. ., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph22
        78 91

Аннотация

Мақалада лингвистикалық тұрғыдан сақ, ғұн, түркі, қыпшақ архетипінен бастау алатын
түркі тілдерінің базалық лексикасы ортақ екендігі қарастыралады. Түркі тілдерінің базалық
лексикасы күні бүгінге дейін сақталып, сөйлеу тілі мен жазба тілде әртүрлі деңгейде қолданылып
келетіндігі белгілі. Түркі тілдерінің ортақ базалық лексикасын құрайтын туыстық атаулар, түр-түс
атаулары, сан есімдер, төрт-түлік мал атаулары, жан-жануар мен құс атаулары, тамақ атаулары
сияқты тақырыптық топтар мен лексика-семантикалық классификациялар, мақал-мәтелдер
мен фразеологизмдер қабатының мол екенін және олардың түрлі фонетикалық варианттарда
кездесетінін түркі тілдеріндегі салыстырмалы лексикология зерттеулері айқын дәлелдеп
береді. Түркі тілдеріне ортақ базалық лексика тақырыптарының ауқымды екенін ескере келе,
мақалада соматикалық (дене мүше) атаулар мен табиғат атаулары ғана салыстырылып талданады.
Қазіргі түркі тілдерінде жаңа ұғымдар мен заттарға атау беруде бірізділік жоқ. Кейбір түркі
тілдері неологизм сөздерге мағыналық балама тауып, өз тілдерінің фоно-морфо-семантикалық
заңдылықтарына сәйкестендіріп төл терминологиялық қорын дамыту бағытын көздейтіндері де
бар. Ал хақас, чуваш, якут, құмық сияқты кейбір түркі тілдері кірме сөздер мен неологизмдерді
доминант донор тілдерде қалай дыбысталса, қалай қолданылса ешбір фонетикалық, семантикалық
өзгеріске ұшыратпай өз тілдеріне солай қабылдап жатқаны белгілі.

Жүктелулер

Как цитировать

., K. K. (2019). Түркі тілдеріндегі жаңа атауларды біріздендіру мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 174(2), 152–159. https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph22