Әлемдік фольклористика аңыз жанры туралы және азербайжан аңыздары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph3Аннотация
Қайсы бір халықтың фольклорлық мәтіндері санының көбеюі ол мәтіндерді жүйеге
түсіру мәселесін туындатады. Фольклорлық мәтіндерді каталогке түсіру, оларды қажетті
көрсеткіштермен жабдықтау зерттеушілердің өздеріне қажетті материалдарды тез тауып алуына
көмектеседі.
Фольклорлық мәтіндерді жүйеге түсіру мәселесі ең алдымен аңыздардың жанрлық
ерекшеліктерін ашып алуды талап етеді. Ал мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін білу үшін, әуелі,
дәстүрлі түрде, біз әңгіме етіп отырған жанр туралы теориялық көзқарастарды толық меңгеріп
алу қажет. Ауыз әдебиетінде осындай жанрлардың бірі – аңыз. Аңыз прозалық ауыз әдебиетінің
эпикалық жанры екендігі белгілі. Сондай-ақ тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар туралы жазба
мұралар да аңыз болып саналады. Аңыздар ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен өзгешелігі бар.
Мысалға, аңыздардың мифтен айырмашылығы қандай да бір салт-жорамен байланысты емес,
ал қиял-ғажайып ертегілерден сиқырлар шындық оқиға ретінде қабылдануымен ерекшеленеді.
Содан кейін ғана әзербайжан ауыз әдебиетіндегі материалдарды іріктесе болады. Осы
кезге дейін әлемдік фольклористикада аңыздар кейде бір жақты катологке түсірілсе, кейде
өсиетнамалармен, діни аңыздармен, тағы басқа мәтіндермен қосақталып жүйеленеді.
Азербайжан ауыз әдебиетінде мифке, өсиетнамаға ұқсас мәтіндер де бар. Алайда бұл
мәтіндерде бірнеше қайталанатын элементтер де бар. Мұндай мәтіндер көбіне жаратылыс
жайында болып келеді, өмірде бар ақиқаттарға сүйенеді, кейде олардың шығу төркіні жайында
да хабар береді.