Роман кейіпкері – тарихи тұлғалар (Тарихи романдардағы батырлар образы жайында)

Авторлар

  • Khadiluly Т

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph4
        99 203

Аннотация

Бұл мақалада тәуелсіздіктен кейін жарық көрген тарихи романдардың арқауына айналған
тарихи тұлғалардың көркем тұлғасының жасалуы жайында сөз болады. Батырлар өмірінен
алынған тарихи-ғұмырнамалық романдар қай деңгейде жазылды? Көтерген тақырыбы мен
идеясы жағында қандай жетістіктерге жетті деген мәселелер тілге тиек етіледі. Сонымен
бірге, тарихи тұлғаларды арқау еткен романдарда ортақ сақталып келе жатқан кемшіліктер
де көрсетіліп, теориялық мәселелері талданады. Бұл қатарда, Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз»,
Ж.Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр», Ж. Ахмадидың «Есенгелді би» атты тарихи романдардағы
батырлар образының сомдалу жағындағы артықшылықтары мен жетерсіз тұстары, сондайақ, өзіне тән өзгешеліктері қарастырылады. Әрі тәуелсіздіктен кейінгі тарихи романдардың
формалық, стильдік жақтардағы ізденістері мен ерекшеліктері де жан-жақтылы талданады.
Мұнда, жазушының тарихи романдағы тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арақатынасын
ылайықты орналастыра отырып, тарихи тұлғаның образын көрнектілендіру жақтары нақты
мысалдармен түсіндіріледі. Әрі тарихи романдардағы тарихи тұлғалардың бейнесін ашудағы
жазушы шеберлігі мен шығарманың көркемдік қуатын айқындайтын теориялық тұжырымдар
ұсынылады. Аталған романдарды талдау барысында зерттеушілердің де сын-пікірлері дәйексөз
ретінде алынып, нақты тұжырым жасалды.
Сонымен қатар, туелсіздіктен кейінгі жарық көрген тарихи романдардағы тарихи тұлғалардың
образын суреттеу барысындағы сақталған ортақ ерекшеліктер аталған романдарды талдай
отырып көрсетіледі.

Жүктелулер

Как цитировать

Т K. (2019). Роман кейіпкері – тарихи тұлғалар (Тарихи романдардағы батырлар образы жайында). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 175(3), 25–31. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph4

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение