Қазақ шежіре жырларының тарихилығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph6Аннотация
Ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып, осы күнге дейін сақталып жеткен шежіре жырлар – қазақ
халқының сан ғасырлық тарихнамасы, тұтас бір ұлттың өсу-өрбу жолдары. Алдымен, әр тайпаның,
рудың, аталықтың кесте шежіресі, соған байланысты аңыздар қарасөз күйінде атадан балаға
жетіп, өзге нұсқалары арқылы толығып отырды. Кейін ру ақсақалдарынан естіген шежірелік жүйе
мен аңыздарды ақын-жыраулар, жыршылар өлең, жырға айналдырып, ел ішіне таратып келген.
Сондықтан сан ғасырлар бойы әкеден балаға үлгі-өнеге ретінде жеткен бұл жанрды фольклорлық
мұраның қатарында қарастырып, зерттеуге толық негіз бар деп білеміз. Қазақ шежіреге өте бай
халық. Халқымыз шежіре айту арқылы ұлттық (тарихи) жадымызды осы күнге дейін жеткізді.
Бұл халық жадында ұмытылмай үздіксіз дамып, келе-келе эпикалық сипат ала бастағандығы да
анық. Шежіреші қарттардың аузынан әулетіне қатысты шежіре деректерді, құнды мәліметтерді
естуге болады. Шежірені бүгінгі ұрпақтарға дейін тарқату, өз руынан шыққан тарихи тұлғалар
(батыр, ақын, би, шешен, т.б.) туралы шежірешіден артық ешкім білмеуі де мүмкін. Шежіре,
тарихи тұлғаға қатысты деректер аңыз, жыр, әңгіме арқылы атадан балаға, баладан немере,
шөбереге жалғасын тауып отырады. Мақалада сөз етіліп отырған шежіре жырлар бірінші рет
зерттеу нысанына айналып отыр