Ахмед Хамди Танпынар тіліндегі фразеологиялық бірліктердің семантикалық әмбебаптығын және бірегейлігін талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph12Аннотация
А. Танпынар өз шығармаларында тілдік бірліктерді аса шеберлікпен пайдалана алатындығымен ерекшеленеді. Мақалада ол қолданған фразеологиялық бірліктердің әмбебаптығы және бірегейлігі әңгімеленеді. Қазіргі тілде көп қолданылатын фразеологизмдермен қатар бұрынғы қызметін жоғалтқан фразеологизмдерді іске қосып жандандыруы. А. Танпынар шығармаларының лингвистикалық тұрғыдан аса құндылығын көрсетеді. Ахмед Хамди қолданған фразеологизмдер мазмұны, құрылымы жағынан ұлттық сипаты болуымен қатар, өзге түркі тілдерінде ұшырасатындығымен қызықтырады. Жазушы шығармаларындағы фразеологизмдерді талдау олардың пайда болу тарихын білуге де көмектеседі. Фразеологизмдердің бір бөлегі бір түпкітектен шыққан болса, енді бір бөлегі өзге түркі тілдерінен ауысуы мүмкін. Осы жағдай автордың фразеологизмдерді қолдануының бірегейлігін көрсетеді. Әр халықтың өмір сүру салтына, ойлау қабілетіне байланысты пайда болған фразеологизмдер өзінің бірегейлігімен көзге түседі. Тілдің дамуына әлеуметтік факторлардың үлкен ықпалы болғандығы да байқалады.