Қазіргі заманғы БАҚ-тағы қазақ дизайнының мағыналық (когнитивті) және эстетикалық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph14Аннотация
Қазақстан он жылда тоталитарлық жүйенің сеңін бұзып, әлемдік өркениет көшіне ілесуге,
ашық демократиялық саясат жүргізуге бет алды және бұл бағытта үлкен жетістіктерге қол
жеткізді. Қоғаммен бірге бұқаралық ақпарат құралдары да түбегейлі өзгерді. Ең бастысы,
Қазақстанда өркениет талаптарына жауап беретін заңды-құқықтық база жасалды. Әлемдік
журналистика мен Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары бір вектордағы құбылыс, оны
бөле қарау немесе басқа да өлшемдердің болуы мүмкін емесі анық. Қазақ журналистикасының
эволюциясы осы бағытта қалыптасып келеді, қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының
қазақ дизайнының когнитивті және эстетикалық аспектілерін ашуда қолданылатын көптеген
әдістер мен тәсілдердің бар болуы, оның қазіргі заманға сай қолданылуында. Оған бүгінгі
ғылыми-техникалық прогресс қарқыны да қосымша демеу беріп, қамшылай түсуде. Сонымен
бірге, БАҚ дамуына ашық, нарық саясаты, іс-әрекет бостандығының берілуі де оңды әсер етті.
Журналистердің психологиясы түбегейлі өзгерді, жаңа еңбек қатынастарының алғышарты түзілді,
жаңа ақпараттық құралдары пайда болды, инновациялық жаңалықтар мен жекеменшіктік орта
қалыптасты. Қазақстан журналистикасындағы өтпелі кезеңі артта қалумен жаңа жетістіктерге
күннен күнге жетіп жатқанымызға көз жеткізуімізге болады.