Герольд Бельгердің «Тұйық су» романындағы макрообраздардың қызметі

Авторлар

  • D.K. Kaharman A.Zh. Zhaksylykov .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph5
        48 99

Аннотация

Бұл мақала қазіргі әдебиетте елеулі із қалдырған қазақстандық екі тілді
жазушы Герольд Бельгердің шығармаларының мәтініндегі концептуалды макрообраздардың
семантикалық қызметі тақырыбына арналған. Жазушы прозасындағы мұндай макробейнелерге
әдетте үй, дала, ауыл, жол, дәуір, ел және қоршаған орта бейнесі енеді. Герольд Бельгердің
прозасындағы мұндай кеңістіктік бейнелер концептуалды және функционалды қызмет атқарады.
Концептуалды – бұл семантикалық, философиялық мағынада қосымша «жүктелген» дегенді
білдіреді. Автордың негізгі ойларына жетелейтін, шығарманың идеялық өрісіне оқырманды
бағыттайтын таңбалық бейнелер. Функционалды – бұл кескіндер автордың философия мен
шығарма поэтикасының даму бағытын білдіретін маңызды мағыналарды жалпылай отырып,
мәтіндегі едәуір көркемдік және эстетикалық рөл атқарады. Мысалы, Герольд Бельгердің үй
мен ауыл макробейнелік рөлін «Тұйық су» романында кездестіруге болады. Бұл образдар авторға
романдағы бірқатар символикалық жалпылама тұжырымдарды жүргізуге, кейіпкердің ішкі
әлемін ашуға және әр түрлі елдердің, Қазақстан, Германия, Ресейдің этникалық мәдениетінің
салыстырмалы сипатын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұндай әсерлі және мәнерлі боялған
макрообраздар бізге кейіпкердің ішкі әлеміне қосымша моральдық-психологиялық сипаттама
жүргізуге, әлеуметтік ортаның жағдайын сипаттауға, әр түрлі этномәдениетке салыстырмалы
талдау ұйымдастыруға және оқырманды қажетті тұжырымдарға жетелеуге мүмкіндік береді.
Үй мен ауылдың макрообраздары ішкі семантикалық қарым-қатынаста болып келіп, Герольд
Бельгердің жұмысының мәтінінде маңызды эстетикалық және бейнелік функцияны орындайды.
Жазушының шеберлігі осындай күрделі образдар жүйесі арқылы адамның жеке өмірін, ішкі өмірін
ғана емес, сонымен бірге сол ұлттық, мәдени ортада өмір сүретін бүкіл халықтың немесе бірнеше
этникалық топтардың өмірін бейнелейтін фактілерді қамтиды. Герольд Белгердің шеберлігінің
ерекше тақырыбы ретінде шығарманың баяндау қабатын осындай керемет жазылған макро,
микрообраздар жүйесінен құрастыру алу қабілетін айтамыз.

Жүктелулер

Как цитировать

., D. K. A. Z. (2020). Герольд Бельгердің «Тұйық су» романындағы макрообраздардың қызметі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 37–44. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph5

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение