Дискурсивті ассоциаттар (Лев Толстой шығармаларының материалы негізінде)

Авторлар

  • G.Zh. Baishukurova 2A.B. Irgebayeva .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph15
        43 35

Аннотация

Зерттеу Л.Н. Толстойдың шығармаларындағы дискурсивті ассоциаттарды талдауға
арналған. Тілдегі ассоциацияларды қарастыру дискурсты талдауда маңызды орын алады.
Вербалды-бейнелік ассоциациялар жазушыға тән әлем бейнесін құрайды. Зерттеу нәтижесінде
жазушы дискурсында дәстүрлі және жеке авторлық ассоциаттар орын алғаны анықталды.
Л.Н. Толстойдискурсында махаббаты жарық ретінде түсініп қабылдау адам тіршілігінің рухани
байлығы мен толықтығын суреттейді. Л.Н. Толстой шығармаларындағы бас кейіпкерлер сүйгенін
тәңірмен теңейді, ол «күн» болып көрінеді. «Күн» ассоциаты кейіпкерлердің эмоционалды-
психологиялық күйін көрсету құралы болып қызмет етеді. Махаббат сезімін жарық деп түсіну
нәтижесінде аспан шырағына ассоциативті ұқсату туындайды, ал Л.Н. Толстой дискурсында
«күн» сөзінде символдық мән пайда болады. Көздерді от пен жарық құбылысымен байланыстыру
дәстүрі адамның денелік және рухани болмысының күштілігін, өмірлік жігерін білдіреді. «Жарық»
ассоциаты тіршілік диалектикасын, жарық пен қараңғының, махаббат пен өшпенділіктің бірлігі
мен күресін көрсетеді. Жазушы дискурсында көздерді аспандағы шырақтар мен құбылыстарға,
өсімдіктер мен жануарларға ассоциативті-бейнелік ұқсату, көздерді сипаттайтын нақты
заттармен салыстыру орын алады. Жүргізілген талдау автордың жеке тілі мен оның ғаламдық
көркем бейнесінің ерекшелігін мәтіннің ассоциативті-бейнелік негізі айқындайтынын дәлелдеді.

Жүктелулер

Как цитировать

., G. B. 2A.B. I. (2020). Дискурсивті ассоциаттар (Лев Толстой шығармаларының материалы негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 106–114. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph15