Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулардың фоно-морфо-семантикалық дамуы

Авторлар

  • B. Sagyndykuly B. Kulzhanova A. Zhuzbayeva

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph19
        46 34

Аннотация

Мақалада түркі тілдеріндегі байырғы сөздер туралы айтылады. Байырғы сөздер
дегеніміз адамзат пайда болғаннан бастап онымен бірге дүниеге келген ең алғашқы сөздер.
Алғашқы адамдар пайда болғаннан бастап күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарға атау
беріп отырған. Алайда, қазіргі қолданып жүрген кез келген сөзіміз байырғы сөздердің қатарына
жатпайтыны анық. Себебі, тіл тарихи даму барысында кірме сөздермен де толыққанын жоққа
шығаруға болмайды.
Тіл – динамикалық құбылыс. Даму барысында сөздер әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен,
өзара семантикалық байланыста болады. Сөздердің тек сыртқы бейнесі өзгеріп қала
береді. Ол өзгерістерді анықтап білу – этимологтың міндеті. Кейінгі жылдары ашылған
үнемдеу заңдылықтары, фузиялық құбылыстар мен дауысты және дауыссыз дыбыстардың
түпкітектерінің ашылуы байырғы сөздердің өзгеру себебін анықтауға көп көмегін тигізді.
Ашылған жаңалықтардың нәтижесінде түркі тілдеріндегі кез келген байырғы сөзді талдауға
мүмкіндік туды. Зерттеу барысында түркі тілдерінің қыпшақ тобынан қазақ және қарақалпақ
тілдері, қарлұқ тобынан өзбек, ұйғыр және оғыз тобынан түркімен, әзірбайжан тілдерінен нақты
мысалдар алынды. Бұл ғылыми мақалада дене мүшелеріне қатысты атаулар сөз болады.
Мақала тіл тарихын зерттеумен айналысып жүрген жас ғалымдарға көптеген ақпарат береді.
Сонымен қатар, салыстырмалы түркологияның теориялық мәселелері жан-жақты сөз болып,
практикада қалай қолдану керектігі көрсетіледі.
Түйін сөздер: түркі тілдері, заңдылықтар, дыбыстардың түпкітегі, фонетикалық варианттар,
туыс тілдер, аллофон, дыбыстық алмасулар, сәйкестіктер.

Жүктелулер

Как цитировать

A. Zhuzbayeva, B. S. B. K. (2020). Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулардың фоно-морфо-семантикалық дамуы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 137–141. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph19