Аударма алдындағы талдау кезеңінде көркем мәтіннің этнологиялық зерттелуі (Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph29Аннотация
Мақалада көркем мәтіннің этнологиялық зерттелу мәселесі талқыланады.
Аударматану саласында бұл сұрақтың жетіксіз дамытылуы зерттеудің маңыздылығын анықтайды.
Мақалада этнологиялық зерттеудің тәсілдері қарастырылады: 1) өмірбаяндық тәсілі. Бұл тәсіл
бойынша, өмірбаяндық мәліметтер мен оқиғалар белгілі бір этностың әлеуметтік және мәдени
фактілерін анықтауда ежептәуір септігін тигізеді; 2) «сауалдама» арқылы зерттеулер жүргізу
тәсілі. Бұл шығарма кейіпкерлерінің этномәдени ерекшеліктерін, құндылықтарын, дінтанымын
анықтауда септігін тигізетін эмпирикалық тәсіл болып табылады; 3) мәдениет шеңберінде жеке
тұлғаны зерттеу тәсілі. Берілген тәсіл көмегімен реалист-жазушы суреттеген образдың құрамына
кіретін компоненттер анықталады. Ең бастысы кейіпкердің сөйлеу әрекеті талданады. Кейіпкердің
сөйлеу мәдениеті, сөйлеу ерекшеліктері арқылы оның әтномәдени айырмашылықтары
анықталады. Мақалада аударма алдындағы талдау кезеңінде қолданылатын көркем мәтінді
зерттеу схемасы ұсынылады. Бұл схема түпкі нұсқадағы этномәдени ақпаратты анықтауға
бағытталады және де аударма практикасына қажетті болып саналады. Зерттеудің өзектілігі
аударылатын шығармалардың сапасын жақсарту, этномәдени элементтерді аудару барысындағы
экстратілтанымдық факторлар жайында аудармашының хабары болмауы салдарынан кететін
қателерді жою қажеттілігімен тығыз байланысты. Мысал ретінде қазақ әдебиетінің классигі
Ә.
Нұрпейісов стилінің көркемдік ерекшеліктері қарастырылады және де жазушының «Қан мен
тер» трилогиясы талданады.